Венгриялық лоукостер украиналықтарға 100 мың тегін билет берді

Венгриялық лоукостер Украина азаматтары үшін 100 мың тегін билет ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tеngritravel.kz тілшісі Тravelweekly сайтына сілтеме жасап.

Wizz Air әуекомпаниясы Құрлықтық Еуропа мен Ұлыбритания бағыттары бойынша рейстерге Украина азаматтары үшін 100 мың тегін билет ұсынды.

Тегін рейстер 15 қыркүйек пен 8 желтоқсан аралығында Wizz Air Hungary (Венгрия) және Wizz Air UK (Ұлыбритания) желілерінде ұсынылады. Әуекомпания жеңілдік билеттері бойынша 800-ден астам маршрут ұсынады. Бұл бастама украиналық босқындардың Ұлыбританияға ұшуына көмектесу үшін ұсынылды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!