Қазақстанда туризмді қалай дамытады: Ақтөбе облысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Kaz.tengritravel.kz порталы Қазақстан өңірлерінде туризмнің дамуына қатысты материалдар сериясын жалғастырады. Бұған дейін Түркістан және Маңғыстау облыстары туралы әңгімеледік, енді Ақтөбе туралы айтамыз.


Kaz.tengritravel.kz порталы Қазақстан өңірлерінде туризмнің дамуына қатысты материалдар сериясын жалғастырады. Бұған дейін Түркістан және Маңғыстау облыстары туралы әңгімеледік, енді Ақтөбе туралы айтамыз.

Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше, өңір өзінің географиялық орналасуының арқасында туризмді дамытуға әлеуеті жоғары. Сондықтан осы мақсатта жаңа кәсіпкерлік субъектілері тартылып жатыр.

Атап айтқанда, облыс инфрақұрылымды жақсартуға, инвесторларды тартуға, аймақтың танымалдылығын арттыруға ұмтылады.

Өңірдің туристік әлеуетін ілгерілету мақсатында өткен жылы Visit Aktobe ақпараттық орталығы құрылды. Онда 10 нысан бойынша 3Д-турды табуға болады. Халықаралық әуежайда өңір қонақтары мен тұрғындары үшін визит-орталық ашылды. Балалар туризмін дамыту үшін облыстың 400 оқушысына арналған ақпараттық турлар ұйымдастырылды. Оның барысында балалар қазақ халқының тұрмысымен, салт-дәстүрімен: ұлттық тағамдарды дайындау процесімен, атпен серуендеу және ұлттық ойындармен танысты.

Ведомство негізгі туристік дестинациялардың ішінде мынадай нысандарды атайды:

  • Байғанин ауданындағы Ақтолағай бор таулары;
  • Ойыл ауданындағы Барқын құмдары. Мұнда қарағай орманы өседі. Шағын үйлер, киізүйлер және спорт алаңдары орналасқан шаруа қожалығының жанындағы демалыс базасы жұмыс істейді. "Псаммотерапия" процедурасы (қыздырылған құммен емдеу) келушілер арасында танымал;
  • Қазақстанның туристік картасына кіретін Қарғалы шатқалы;
  • Қасқыр сарқырамасы және Үнсіз ауыл, оның жанында қонақүй мен лагерь бар;
  • Байғанин ауданындағы Ақтолағай маңындағы Аққұм құм төбелері Дубай құмдарына ұқсайды, тек көлемі кішкентай;
  • жақын жерде шағын тоғай мен Мөлдірбұлақ бұлағын табуға болады;
  • Қобыланды батыр, "Абат Байтақ", "Хан моласы", "Есет батыр", "Исатай батыр" мемориалдық кешендері.

Ақтолағай, фото Василий Михайлин

Нысандардың инфрақұрылымын дамыту мақсатында туристер үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде. Атап айтқанда, Қобда ауданында жергілікті бюджет қаражаты есебінен Әлия ауылынан Бұлақ ауылына (Әлия Молдағұлованың туған жері) дейінгі автожолға күрделі жөндеу жүргізілді, оны "Абат Байтақ" кесенесіне дейін жалғастыру жоспарланып отыр.

Аққұм құмды алқабына баруды жеңілдету үшін Қарауылкелді – Алтай батыр жолына орташа жөндеу, "Орқаш" қаумалына кіреберісті жақсарту үшін Жұрын - Қаракөл жолына орташа жөндеу, ал Көтібар батыр кесенесіне жолды неғұрлым қолайлы ету үшін Ақкемер – Көтібар батыр - Көктөбе тасжолына орташа жөндеу жүргізіліп жатыр.

фото Мұрат Піржанов

Бұдан басқа, инвестициялық жобалар іске асырылуда: Meduza аквапаркі ашылды, жақын арада Ақтөбеде қонақүйі және жол бойындағы сервистің бірқатар объекті ашылады.

Сондай-ақ, туризм саласындағы бизнес субъектілері туристік нысандардың жанында глэмпингтер орнату, экоферма ұйымдастыру, былғары мен ағаштан ұлттық бұйымдар жасау үшін "Бизнестің жол картасы-2025" бойынша гранттар алды.

2022 жылы QARGALY FEST халықаралық туристік фестивалін, шетелдік және қазақстандық туроператорлар үшін ақпараттық турларды, Qazaq man триатлон жарыстарын өткізу және "Шынайы сабақтар" жобасын іске асыру шеңберінде оқушылар үшін ақпараттық-танымдық турларды ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel