Қазақстанда жеті туроператор лицензиясынан айырылды

Туризм индустриясы комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп жетекшілік ететін салаларда қызмет түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензияларды тоқтата тұру немесе кері қайтарып алу жөніндегі жұмысты жалғастырады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – «Туристік Қамқор» корпоративтік қорының ақпараты негізінде Комитетпен Астана және Алматы қалаларының басқармаларымен бірлесіп шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясын тоқтата тұру жөнінде:

"Hajar.travel" ЖШС;
"Tanym Group" ЖШС;
"B&K Travel KZ" ЖШС;
"ТВВ тур" ЖШС;
"LS TOUR kz" ЖШС;
"Бархатный сезон" ЖШС;
"Sultan Hajj Travel" ЖШС.

"ҚР азаматтары тарапынан сапасыз көрсетілген туристік қызметтерге немесе азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың өзге де нысандарына шағымдардың жиілеуіне байланысты, Комитет ҚР азаматтарының шығу және ішкі туризм саласындағы бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру және (немесе) бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейтіп, туристік компаниялардың лицензияларын кері қайтарып алуды және олардың қолданысын тоқтатуды, оның ішінде сот тәртібімен жүзеге асыратындығын атап өту керек", - делінген хабарламада.

Аталған туроператорлар қызметтің тиісті түрін/кіші түрін жүзеге асыру құқығынан уақытша айырылды, өйткені Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің субъектілері ретінде "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабында көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе оларды тиісінше орындамай отыр.

"Қазіргі уақытта, "Е-лицензиялау" (e-licence.kz) мемлекеттік базасы" ақпараттық жүйесіне сәйкес лицензиялардың және, тиісінше, аталған туристік компаниялардың лицензияларына қосымшалардың қолданылуы 6 ай мерзімге тоқтатылды. Бұл ретте, егер анықталған бұзушылықтар жойылмаса, көрсетілген тоқтата тұру мерзімі жаңа кезеңге ұзартылатын болады", - деді Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!