Қазақстан пойыздарында көптен күткен қызмет түрі пайда болды

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін еліміздегі барлық поезда ақпараттық жүйелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрі енгізілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көлік министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша, вагондардағы Wi-Fi арқылы кең жолақты интернетпен қамтылмайтын аймақта жолаушы жеке электронды құрылғысын, ұялы телефоны немесе планшетін қолдана отырып, көркем, деректі фильмдер және мультипликациялық туындыларды көре алады әрі музыкалық шығармаларды тыңдай алады. Аталған қызмет түрі жолаушылар үшін тегін.

Ол үшін жолаушы өз құрылғысында Wi-Fi қосып, содан кейін тізімнен KTZ желісін таңдауы керек. Әрі қарай браузерді ашып, vputi.kz сайтына өту қажет.

Сайттағы қызмет туралы сипаттамада, мультимедиалық портал арқылы такси шақыруға, тағам мен сусын жеткізуге тапсырыс беруге және өзіңіз бара жатқан бағытқа қатынайтын пойыз туралы мәліметтер алуға болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!