Қазақстанда жабайы қызғалдақтың 35 түрі бар. Оларды қайдан тамашалауға болады?

Жыл сайын көктемде кең жазық әсем қызғалдақтармен көмкеріледі. Бұл уақыт халықты қуантпай қоймайды, себебі, қызғалдақтың шығуы мерекенің, күн мен жылудың келгенін білдіреді. Парсылар қызғалдақтың сұлулығына жыр арнаса, түріктер жанын қиюға әзір. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Қазақстанның қай жерінде қызғалдақтардың гүлденуін тамашалауға болатыны жайлы баяндайды.

Қазақстан - қызғалдақтың отаны

Қызғалдақтың алғаш пайда болған жері - қазіргі Қазақстанның аумағы. 10 миллион жыл бұрын Тянь-Шаньның етегінде пішіні бас киімге ұқсайтын ерекше сұлу гүл пайда болды. Осы аймақтан қызғалдақ бүкіл әлемге таралды.

Орта ғасырларда Константинопольден қызғалдақ баданаларын алып шыққысы келгендер өлім жазасына кесілді. Австрия елшісі өмірін қатерге тігіп, осы гүлдерді Венаға алып өтеді. Көп ұзамай Голландияда да қызғалдақтар пайда болды. Міне, осыдан кейін "қызғалдақ ауруы" басталды. Бұл гүлдердің бағасы өте қымбат болғаны соншалық, үш түп гүлдің құнына Амстердамның орталығынан үлкен үй сатып алуға болатын.

© Shutterstock

Қызық дерек

"Қызғалдақ ауруы" Еуропада күшті болғаны соншалық, тіпті қара қызғалдақ өсірушіге 100 000 гульден (Австрия империясының валютасы. - автордың ескертпесі) сыйақы тағайындалған. Сол уақытта бұл сомаға Венадан бірнеше үй сатып алуға болатын.

Көшпенділерде қызғалдақ бейбітшілік, тыныштық пен жаңаруды бейнелеген. Бұл қарапайым гүлдер наурыз айының соңынан маусым айының соңына дейін Қазақстан даласын сұлулыққа толтырады. Қызғалдақ фестивальдері Қазақстанның әр облыстары мен қалаларында жыл сайын өткізіліп тұрады.


Сурет БҚО баспасөз қызметінен

Мұндай фестивальдар адамдарға қызғалдақ туралы жаңа деректермен танысуға, олардың сұлулығын тамашалауға мүмкіндік береді. Бұрын гүлдер елдің барлық далалық аймақтарында жайқалып тұратын. Қазір осы түрлі-түсті көріністі тамашалау үшін қаладан ондаған шақырым қашықтыққа бару қажет.

"Қызғалдақ" атауы парсының toliban ("тюрбан") сөзінен шыққан және гүлі шығыс бас киіміне ұқсас болғаны үшін алынды.


© Shutterstock

Ғалымдар қызғалдақты лалагүлдер тұқымдасының көпжылдық шөптесінді бұталы өсімдіктерінің түріне жатқызады. Қазақстанда жабайы қызғалдақтың 35 түрі кездеседі. Оның 18-і Қызыл кітапқа енгізіліп, мемлекет қорғауында. Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қызғалдақтарды заңсыз жинағаны үшін айыппұл 3000 АЕК-ке (8 751 000 теңге) дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ, қызғалдақтарды жұлғаны үшін түзеу жұмыстары немесе қоғамдық жұмыстар, тіпті бостандықты шектеу жазасы қарастырылуы мүмкін.

Экскурсия жүргізуші Владимир Колбинцев түсіндіргендей, іс жүзінде қызғалдақтар жойылмайды, олардың тіршілік ету ортасы адам іс-әрекетінің әсерінен (қалалар салу, жер жырту, мал жаю сияқты) жоғалуы мүмкін.

"Бірақ соған қарамастан, бір кездері соқалар тереңдігіне жете алмаған ескі тыңайған жерлерде олар қайта өсіп, тіпті арамшөптерге айналып, үстемдік ете бастайды. Мұны батыста байқауға болады. Шаян ауылының маңындағы Қаратаудың бөктеріндегі Грейг қызғалдағының өсуінен көруге болады",- дейді сарапшы.


Сурет silkadv.com сайтынан

Грейг қызғалдағы - бүкіл елде кең таралған түрі. Ол наурыз айының соңында гүлденуімен қуанта бастайды. Сабағының биіктігі әдетте 40 сантиметрден аспайды. Гүлдің тостағанға ұқсайтын, үш жапырақшасы жабық, үшеуі тік тұрған пішіні бар. Бұл қызғалдақтың түстер палитрасы қою қызылдан қызғылт сарыға дейін барады.


Сурет silkadv.com сайтынан

Грейг қызғалдақтары мемлекеттің қорғауында. Ол Ақсу-Жабағлы қорығында, Жамбыл облысындағы Берқара ботаникалық қорығында және Түркістан облысындағы Красная Горка қорығында өседі.

Аласа түрі - Кауфман қызғалдағы түсінің қанықтығымен ерекшеленеді. Көптеген сортында жапырақшалар екі немесе үш және одан да көп реңкте беріледі. Гүлдің ерекше, жұлдыз тәрізді пішіні осы гүлдерді сүйетіндердің есінде қалары анық.

Селекционерлердің күшімен осы сорттың екі жүзге жуық жаңа түрлері өсірілді, бірақ жабайы табиғатта Кауфман қызғалдағы тек Батыс Тянь-Шань тауларында (Өгем жотасынан Қырғыз Алатауының батыс бөлігіне дейін) және Қаратауда кездеседі.


© Shutterstock

Кауфман қызғалдағының гүлденуін наурыз айының соңынан маусымның аяғына дейін аласа тауларда, ал шілденің басына дейін таулардың жоғарғы белдеулерінде тамашалай аласыз.

Альберт қызғалдағы Қызыл кітапқа енгізілген. Ол тек Сырдария Қаратауында, Шу-Іле тауларында, Бетпақдала шөлінің оңтүстігінде, Шу-Іле тауларында және Қапшағай су қоймасының бойында кездеседі. Ол сәуірдің басынан мамырдың алғашқы онкүндігінің аяғына дейін гүлдейді.


Сурет silkadv.com сайтынан

Қалың, көкшіл сабағында шеттері ойық 3-5 жапырақтан орналасқан. Ал жоғарғы жағында бір ғана гүлшоғыры бар. Альберт қызғалдағының түсі алуан түстерге ие, ақшыл сарыдан қою қызылға дейін барады.

Островский қызғалдағы беткейлерде, төменгі және орта белдеулердегі бұталар арасында, Шу-Іле тауларының оңтүстігі мен Қырғыз жотасының шығыс бөлігінде өседі. Сәуірдің аяғы мен мамырдың ортасына дейін сіз Алматыға жақын жерде осы сұлулықты тамашалай аласыз.


Сурет silkadv.com сайтынан

Бұл түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Алматы қорығы аумағында ішінара қорғалады.

Табиғи қызғалдақтың ең ерекше түрі - Регель қызғалдағы. Әдетте оның ұзынша, сопақ, сұр, жиі қоңыр түсті жапырағы болады. Сыртқы беті гофреленген қағаздың құрылымына ұқсас. Гүл әдетте бірыңғай, кішкентай. Бұл өзендерде өсетін су лалагүліне өте ұқсас.


Сурет silkadv.com сайтынан

Бұл гүлдер тастарды жарып, талдарда, беткейлерде және жартастарда өседі. Бұл ежелгі реликт түрі де Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Шу-Іле тауының етегінде кездеседі. Өте қысқа мерзім ғана наурыздың аяғынан сәуірдің басына дейін гүлдейді.

Күн шуақты ауа-райында кеш гүлдейтін қызғалдақ шығады. Ол осылай аталады, айырмашылығы, ол сәуірдің ортасынан мамырдың ортасына дейін гүлдейді. Қысқа, жалаң сабақта күлгін қырлы бірнеше ашық жасыл жапырақтары бар. Гүлдері үлкен сары дақпен ақ түсті болып келеді. Жапырақтары өткір, ұзындығы 3-4 сантиметрге жетеді.


© Shutterstock

Кеш гүлдейтін қызғалдақ тасты және қиыршықтасты құрғақ беткейлерде, таулардың төменгі және орта белдеулерінің бұталарында өседі. Іле Алатауының батыс бөлігінде және Жетіжол жотасында - Ұзын-Қарғалы тас жолынан Қарақұныз шатқалына дейін кездеседі.

Қызық дерек

Қызғалдақ гүлі үш сәулелік симметрияға тәуелді: оның үш сыртқы және үш ішкі жапырақшалары, алты аталық, аналық безі үш симметриялы бөлікпен қалыптасады. Яғни, көптеген сорттар толығымен симметриялы болып келеді.

Леман қызғалдақ гүлі - ұзартылған кесе пішінді. Ол сары, қызыл немесе түрлі-түсті болуы мүмкін, ішінде қара қоңыр дақ болады. Сабақтың биіктігі 50 сантиметрге жетеді. Әдетте әрқайсысында төрт сұр бұйра жапырақтары болады.


Сурет silkadv.com сайтынан

Сәуірде гүлдейді. Құмды және тасты шөлдерде өседі. Қазақстанда ол Қызылқұм шөлінде, көбінесе Мойынқұмның солтүстік облыстарында және Бетпақдаланың оңтүстік-батыс бөлігінде (Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары) кездеседі.

Егер сіз көкшіл, сәл толқынды жапырақтары бар 40 сантиметрге дейін жалаң сабақты тапсаңыз, онда бұл Шренк қызғалдағы. Оның тостағаншалы гүлінің биіктігі жеті сантиметрге жетеді. Түсі - таза ақ, сарғыштан қызыл-бургундияға дейін, сирень және күлгін түстерге дейін барады, ортасында сары немесе қара дақ бар.

Сәуірдің соңынан мамырдың аяғына дейін гүлдейді. Ол далада, шөлде және жартылай шөлді жерлерде өседі, кейде аласа таулардың қиыршық тасты соқпақтарында кездеседі.


© Shutterstock

"Қызғалдақ алқаптарына" қалай жетуге болады

Қызғалдақтың белгілі бір түрлері өсетін жерлерді біліп алып, гүлдену кезінде өзіңіз баруға болады. Өйткені, олар кез-келген қалаға жақын жерде қолжетімді. Сондай-ақ, туристер туристік фирманың қызметін пайдаланып, ұйымдастырылған турмен баруға да болады.

Еліміздің оңтүстік бөлігінде сіз Қапшағай су қоймасының жанындағы немесе Алтын-Емел ұлттық саябағындағы қызғалдақ алқаптарын тамашалай аласыз. Алматыдан, Алматы - Қапшағай тас жолының бойында гүлдер шамамен 120-шы шақырымнан кейін кездеседі.

Алтын Емел ұлттық саябағындағы қызғалдақтарды тамашалауға болады. Сіз саябаққа Қапшағай тас жолы бойымен жете аласыз және Алматыдан 110 шақырымдай жерде маңдайшадан Шеңгелді ауылына бұрылуыңыз керек. Қапшағай су қоймасының бойымен, алдымен асфальтталған жолмен, содан кейін қара жолмен жүру арқылы ұлттық саябақтың күзетшісі тұратын пост арқылы өтесіз. Саяхатқа шықпас бұрын ұлттық саябаққа баруға рұқсат алған жөн. Сондай-ақ, қонақүйлердің бірінен алдын-ала тапсырыс берген дұрыс.


© Shutterstock

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы - Қызыл кітапқа енген гүлдердің мекені. Ол Алматыдан 25 шақырым жерде, Талғар облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Үш жағынан Іле Алатауы тауларымен қоршалған Талғар мен Есік өзендерінің арасындағы аумақты алып жатыр. Талғар қаласына бұл бағыт бойынша көлікпен немесе автобуспен жетуге болады. Қорықтың орталық жекежайы Талғар қаласында, Аққу ықшамауданында орналасқан.

Қарағанды мен Түркістан облыстарында сіз Бетпақдала шөліндегі гүлденген жерлерге жете аласыз. Олар Балқаш көлі, Сарысу мен Шу өзендерінің арасында орналасқан. Жақын елді мекендер - Қыземшек, Жуантөбе, Ақбақай, Приозерск. Осы ауылдардың маңында сіз сирек кездесетін қызғалдақтардың түрлерін таба аласыз. Мұндағы топырақ құрғақ, сазды және құмды болғандықтан Альберт қызғалдақтарын кездестіруге болады.


© Shutterstock

Қолайсыз климат пен көктемнің кеш келгеніне қарамастан, қызғалдақтар қазақстандықтарды біздің елдің солтүстік аймақтарында - Каспий маңынан Шығыс ұсақ шоқылығына дейінгі далада, Қазақстанның солтүстік шекарасынан Балқаш сызығына дейін жайқалып жатады. Мұндағы ең көп таралған түрі - Шренк қызғалдағы.

Мысалы, Нұр-Сұлтаннан Егіндікөл аймағына жетуге болады. Мұнда қызғалдақ алқабы өседі. Қарқаралы тасжолының бойымен Қабанбай батыр ауылына қарай жүру керек. Егіндікөлді асфальт жолы Нұр-Сұлтан және Көкшетау қалаларымен байланыстырады.


© Shutterstock

Қостанай облысында сіз Әулиекөл тас жолы бойымен бірнеше шақырым жүріп гүлді аймаққа жете аласыз. Жол бойында қызыл алқаптар алыстан көрінеді, жол бойында қызғалдақтар өседі. Ал дала жолына апаратын негізгі трассадан бұрылып, далаға айдасаңыз, қызғалдақтар алқабына дәл түсесіз.

Қазақстанның батыс облыстарында, Оралға жақын жерде, Теректі өңірінде, Долинное ауылы мен Ақсай ауылының маңында қызғалдақ алқаптары бар. Мұнда сіз иілген қызғалдақ, Шренк қызғалдағы, Биберштейн қызғалдағы және екі гүлді қызғалдақ сияқты сорттарды көре аласыз.

Жамбыл облысы Қордай ауданының аумағы тасты топырақпен және тасты рельефпен жабылған. Мұнда қызғалдақтарды жергілікті ауылдардың барлық аумағында, сондай-ақ "Қарақұныз шатқалы" ботаникалық қорығында кездестіруге болады. Ол облыс орталығы Қордайдан 65 шақырым жерде, Іле Алатауының батыс сілемдерінде орналасқан. Қордай Қырғызстанмен шекаралас жерде орналасқан. Сондықтан шекара белдеуіне бару үшін алдын-ала рұқсат алу қажет.

Сайрам-Өгем ұлттық саябағы сирек кездесетін қызғалдақ түрлерін қорғайды. Жергілікті жерлер түрлі-түсті қызғалдақтарға толы. Саябақ Шымкенттен 70 шақырым жерде, Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында орналасқан. Ол жерге автобуспен немесе көлікпен жетуге болады. Шымкенттен Ақсу қаласына қарай тасжол бойымен Ленгер қаласына жету керек. Онда әскери комиссариат ғимаратына қарама-қарсы жерде Экотуризм және экожүйені бақылау орталығы орналасқан "Айсұлу" кафесі бар. Мұнда сұрақтарға жауап беріп, бағытты таңдауға көмектеседі. Картадағы нүкте мына жерде орналасқан.


© Shutterstock

Қызғалдақты сүйетіндер үшін Ақсу-Жабағлы қорығы түрлі-түсті алқаптарын ашады. Олар үшін сіз жергілікті тұрғындардың трансферттерімен және сұрақтарымен нақты саяхат жасауыңыз керек болады. Қорыққа бастайтын жер - Жабағылы ауылы (Новониколаевка). Елдімекеннің өзі Түркістан облысының Түлкібас ауданында орналасқан. Алматыдан Жабағылыға - 600 шақырым, Шымкенттен - 100 шақырым. Алматыдан пойызбен жету үшін Түлкібас станциясынан түсу керек. Мұнда сізге жеке немесе тұрақты маршрутты такси тауып, тағы 18 шақырым жүру керек болады.

Егер сіз автобуспен барғыңыз келсе, онда Ақбиік ауылына билет алыңыз. Сіз Алматы - Ташкент тас жолымен жүресіз. Ақбиік ауылынан Жабағылыға өтіп бара жатқан көлікпен жетсеңіз болады. Жергілікті тұрғындардан осы аймақтағы басқа да қызықты жерлер туралы сұрауды ұмытпаңыз.

Шымкенттен Жабағылыға "Айна" базарының автобекетінен жетуге болады. Бұл ауылға шағын автобустар мен таксилер жүреді. Егер сіз оған өз көлігіңізбен жетсеңіз, картадағы сілтеме арқылы қолжетімді болады.


© Shutterstock

Владимир Колбинцев Оңтүстік Қазақстанда туристік гид болып жұмыс істейді. Ол қызғалдақ барлық жерде өседі дейді. Олар өте қысқа уақыт гүлдейді, бұл жылдың ең тұрақты ауа-райы маусымына сәйкес келмейді.

"Барлығы ауа райына байланысты. Егер боран немесе нөсер болса, бағытты өзгерту мүмкін болмағанда, барлық қонақүйлер бос емес, билеттер жоқ болған жағдайда, ештеңе жасай алмайсыз. Бұйырғанын көресіз! Бірақ менің тәжірибемде мұндай жиі болған жоқ", - дейді гид.

Владимир саяхатшыларға турларда қызғалдақ теруге тыйым салынғанын айтады. Себебі, бұл мағнасыз тірлік деп есептеледі. Қызғалдақтарды тамашалауда ең маңыздысы, нұсқаулыққа сәйкес, сіз кез-келген ауа-райына желге, жаңбырға және күннің ыстығына дайын болуыңыз керек.

Aviata.kz саяхаттауда жауапкершілік маңызды екенін еске салады. Табиғатқа ұқыптылықпен қарайық, балаларымыз тәлім алар табиғат болсын, ал біз ертең қайта оралар жер болуы қажет. Табиғаттың "бізден кейін" қандай болатындығы біздің қолымызда.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.