Қазақстанда бір жылда қонақүйге келушілер саны 30 пайызға өскен

2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстандағы қонақүйлер мен басқа да орналасу мекемелері 67,8 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен. Бұл былтырғы осы уақыттағы көрсеткішпен салыстырғанда 51,9 пайызға көп, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Мамандар мәліметінше, осы саладағы серпіліс Алматы қаласында байқалған: 20,7 миллиард теңге, жылдық үдеріс - 84,1 пайыз. Үздік үштікке кірген өңірлер арасында Нұр-Сұлтан (14 миллиард теңге, + 68,5 пайыз бір жылда) және Ақмола облысы (6,3 миллиарда теңге, +39,7 пайыз).

2022 жылы алты айда орналасу мекемелері 3 миллион қонаққа қызмет көрсеткен - былтырғы жылмен салыстырғанда 32,9 пайыз.

Қазақстанда қонақүйлер статистикасы жарияланды

Өңірлерге бөліп қарастырғанда Алматының қонақүйлері көбірек қонақ күткен: 774,3 мың адам немесе Қазақстан бойынша 26,1 пайыз, бір жылда + 54,4 пайыз. Сосын елорда (482,7 мың адам, +48,8 пайыз және Шымкент (216,2 мың адам, + 36,7 пайыз).

Қазақстанда меймандарды орналастыру бойынша мейрамханалары бар қонақ үйлер көш бастайды деп болжанған және ол пікір ақталды, бірінші жартыжылдықта олар 1,6 миллион адамға қызмет көрсетті - бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 38,6 пайызға артық. Одан кейін мейрамханалары жоқ қонақ үйлер (983 мың адам), содан кейін коттедждер, шағын үйлер, бунгало, шале және пәтерлер (220,2 мың адам). Сондай-ақ, танымал 5 орынға демалыс үйлері мен туристік базалар кірді.

Орналастыру орындарының санаттары тұрғысынан 293,7 мың адам бес жұлдызды қонақ үйлерді, 297,7 мың адам төрт жұлдызды, 138,9 мың адам үш жұлдызды, 5,9 мың адам екі жұлдызды, 1 мың адам бір жұлдызды қонақ үйлерді таңдады. Алайда, тағы 1,8 миллион адам санаты жоқ қонақүйлерді таңдаған.