Қазақстанда қонақүйлер статистикасы жарияланды


Қазақстанда демалушыларды күтіп алуға 3756 мекеме дайын. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. 

Орналасу үшін арналған орындар саны бойынша Алматы (556) және Шығыс Қазақстан облысы - 589. Қонақүйлер мен туристік базалары тым аз аймақ - БҚО.

Қазақстанда статистика бойынша көрсеткіш былай: 

мейрамханасы бар қонақүй - 799;
мейрамханасы жоқ қонақүй - 1408;
демалыс үйлері - 87;
демалыс пансионаты - 28;
балалар лагері - 111;
ауыл үйлері, коттедж және пәтерлер - 1099;
туристік база - 52;
кемпинг - 34;
хостел - 76.

Айта кетейік, Қазақстанда "5 жұлдызды" 26 қонақүй, "4 жұлдызды" - 58 қонақүй, ал "3 жұлдызды" - 47 орналасу мекені бар. 





Осыған ұқсас мақалалар

Алматыдан Атырауға шыққан ұшақтың қозғалтқышына құс түсіп қалды Алматыдан Атырауға шыққан ұшақтың қозғалтқышына құс түсіп қалды
Авиация саласында кадр тапшы - сарапшылар Авиация саласында кадр тапшы - сарапшылар
Қазақстан Google Maps-тегі жұмбақ орындардың тізіміне енді Қазақстан Google Maps-тегі жұмбақ орындардың тізіміне енді