Қазақстанда әуежайдың VIP залдарында қызмет көрсетілетін тұлғалардың тізімі кеңейтіледі

Қазақстанда әуежайдың VIP залдарында қызмет көрсетілетін тұлғалардың тізімі кеңейтіледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Көлік министрлігі "Әуежайдың арнайы бөлінген залдарында қызмет көрсетілетін тұлғалардың тізбесін бекіту туралы" қаулыға енгізілген өзгерістерді жариялады

Түзетулер енгізу туралы құжат "Ашық НҚА" сайтында 10 қаңтарға дейін көпшілік талқылауына шығарылды. Құжатта "Алтын Қыран" орденінің және "Халық Қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарының иегерлерін тізімге енгізу қажет делінген.

Тізімге 46 лауазымды тұлға кіреді, оның ішінде:

  • Президент;
  • Премьер-министр;
  • Парламент Сенатының төрағасы;
  • Парламент Мәжілісінің төрағасы;
  • Мемлекеттік кеңесші;
  • Президент Әкімшілігінің басшысы;
  • Конституциялық Соттың төрағасы;
  • Жоғарғы Соттың төрағасы;
  • Ұлттық банк төрағасы;
  • Орталық сайлау комиссиясының төрағасы;
  • Премьер-министрдің орынбасарлары;
  • Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
  • Бас прокурор;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Жоғарғы есеп сотының төрағасы;
  • Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың әкімдері;
  • Қазақстандық саяси партиялардың жетекшілері;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің отбасы мүшелері;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің жеке қонақтары;
  • Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің басшылары және т.б.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!