ЕО мен Қазақстан арасындағы визаны жеңілдету: СІМ өкілі пікір білдірді

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіндегілер Қазақстанның Еуропалық Одақпен визалық режимін жеңілдету туралы егжей-тегжей айтып берді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, қазақстандық азаматтар үшін Еуропалық Одақтың визалық режимін жеңілдету мәселелері бойынша ресми консультациялар бастау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

"Қазақстан Республикасының азаматтары үшін Еуропалық визалық режимді жеңілдетудің бірінші кезеңінде визалық алымды төмендету, өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту, бірнеше визалардың қолданылу мерзімін ұлғайту қаралған", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!