Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Қазақстан Словакияға QazVac вакцинасын мойындауды ұсынды


Қазақстан елшісі Роман Василенко Словакия Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрлігіндегі кездесу барысында екі елдің вакцина сертификаттары мен паспорттарын өзара мойындауды ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі елшілік сайтына сілтеме жасап.

Братиславада дипломаттар сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және іскерлік, туристік мақсаттар үшін азаматтардың өзара сапарларын қайта бастауға екіжақты қызығушылықты талқылады. Осыған байланысты вакцина сертификаттарын/төлқұжаттарын өзара тануға қол жеткізу мәселесі көтерілді. Мемлекеттік хатшы Мартин Клус Словакияға кіретін шетелдіктер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хаттамаларына сәйкес вакцина салдыруы керегін атап өтті.

Қазақстан Сербияға QazVac вакцинасын мойындауды ұсынды

Қазақстанның Словакиядағы елшісі қазақстандық QazVac вакцинасы, сондай-ақ коронавируспен күрес және вакциналау барысы туралы хабардар етті. Словакияда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы немесе Еуропалық дәрілік заттар агенттігі бекіткен вакциналармен вакциналау сертификаттары танылады, осыған байланысты ДДҰ мақұлдағаннан кейін Словакияның QazVac вакцинасын тануына ешқандай кедергі жоқ.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Қазақстандықтар Грузия үшін әлеуетті туристер деп аталды Қазақстандықтар Грузия үшін әлеуетті туристер деп аталды
Өскеменнен Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыға рейстер қайта ашылды Өскеменнен Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыға рейстер қайта ашылды
Көкті бағындырудың ең қауіпсіз жолы. Қазақстанда парапланмен қай жерлерде ұшуға болады? Көкті бағындырудың ең қауіпсіз жолы. Қазақстанда парапланмен қай жерлерде ұшуға болады?