@Shutterstock @Shutterstock

Қазақстан Сербияға QazVac вакцинасын мойындауды ұсынды


Қазақстан Сербияға Ұлттық сертификаттар мен вакцина төлқұжатын өзара тану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Қазақстанның Сербиядағы елшілігіне сілтеме жасап.

Ұсынысты Қазақстанның Сербиядағы елшісі Ғабит Сыздықбеков Сербия Республикасының инновациялар және технологиялық даму министрі Ненад Поповичпен кездесуде айтты. Ғабит Сыздықбеков Сербияға QazVac вакцинасын жеткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып, сербиялық тараптың вакциналаудың ұлттық сертификаттары мен паспорттарын өзара тану мәселесін қарауға енгізілгенін атап өтті.

@gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad 

Ненад Попович қазақстандық тараптың ұсыныстары мен бастамаларын жедел қарауға дайын екенін мәлімдеді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Халықаралық әуеқатынас: 35 рейс орындалады, 20-сы кейінге қалады Халықаралық әуеқатынас: 35 рейс орындалады, 20-сы кейінге қалады
Теміржол және әуе билеттерін Aviata.kz сайтында интернетсіз айырбастауға және қайтаруға болады Теміржол және әуе билеттерін Aviata.kz сайтында интернетсіз айырбастауға және қайтаруға болады
Шетелде 4 мың қазақстандық турист қалды - "Туристік Қамқор" Шетелде 4 мың қазақстандық турист қалды - "Туристік Қамқор"