Қазақстан Словакияға QazVac вакцинасын мойындауды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Қазақстан елшісі Роман Василенко Словакия Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрлігіндегі кездесу барысында екі елдің вакцина сертификаттары мен паспорттарын өзара мойындауды ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі елшілік сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан елшісі Роман Василенко Словакия Республикасының Сыртқы және еуропалық істер министрлігіндегі кездесу барысында екі елдің вакцина сертификаттары мен паспорттарын өзара мойындауды ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі елшілік сайтына сілтеме жасап.

Братиславада дипломаттар сауда-инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуге және іскерлік, туристік мақсаттар үшін азаматтардың өзара сапарларын қайта бастауға екіжақты қызығушылықты талқылады. Осыған байланысты вакцина сертификаттарын/төлқұжаттарын өзара тануға қол жеткізу мәселесі көтерілді. Мемлекеттік хатшы Мартин Клус Словакияға кіретін шетелдіктер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының хаттамаларына сәйкес вакцина салдыруы керегін атап өтті.

Қазақстан Сербияға QazVac вакцинасын мойындауды ұсынды

Қазақстанның Словакиядағы елшісі қазақстандық QazVac вакцинасы, сондай-ақ коронавируспен күрес және вакциналау барысы туралы хабардар етті. Словакияда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы немесе Еуропалық дәрілік заттар агенттігі бекіткен вакциналармен вакциналау сертификаттары танылады, осыған байланысты ДДҰ мақұлдағаннан кейін Словакияның QazVac вакцинасын тануына ешқандай кедергі жоқ.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная