Қазақстан саяхаттауға тиіс үздік елдер тізіміне енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстан Lonely Planet журналының нұсқасы бойынша 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Спорт және туризм министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Lonely Planet журналының нұсқасы бойынша 2025 жылы саяхаттауға тиіс үздік елдердің тізіміне енді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Спорт және туризм министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Халықаралық Lonely Planet журналы Қазақстанды жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде саяхаттауға арналған ең үздік елдердің бірі ретінде таныды. Журнал сарапшылары жыл сайын саяхатшылар, қызметкерлер, авторлар және туризм саласындағы басқа да мамандардың ұсыныстарына негізделген бағыттарды талдап, үздіктерді анықтайды. 2025 жылғы таңдау Қазақстанға түскен. Еліміз шетелдік сала сарапшыларын бай тарихымен, алуан түрлі табиғатымен және бірегей мәдени мұрасымен баурап алған.

"Best in Travel 2025 — бұл біздің жыл сайынғы әлемге арналған жүрекжарды хатымыздың соңғы нұсқасы. Біз осы басылымға енген бағыттарды мақтан тұтамыз және ұсыныстарымыздың негізінде жатқан терең түсінік пен жергілікті біліммен бөлісуге қуаныштымыз. Біздің тізім келесі жылы саяхатшыларға жаңа бағыттарды ашуға шабыттандырады деп сенеміз", - деді Lonely Planet-тің контент бойынша аға вице-президенті және атқарушы редакторы Нитя Чамберс.

Әлемнің беделді басылымының тізіміне енген Қазақстан ежелгі дәстүр мен заманауи өмір тоғысқан ел ретінде сипатталған.

Айта кету керек, Қазақстанның туристік әлеуетін тек Lonely Planet журналы ғана емес, әлемге танымал туристік басылымдар да жоғары бағалап отыр. Мәселен, Conde Nast Traveler мен Wanderlust басылымдары Қазақстанды 2024 жылғы әлемдегі ең үздік саяхат бағыттарының тізіміне енгізген. Алматы қаласы The New York Times рейтингі бойынша 52 үздік туристік бағыттың қатарына кірген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel