Халықаралық барыс күні: Қазақстанда бұл жыртқыштар қай жерлерді мекендейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

23 қазан - Халықаралық барыс күні, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


23 қазан - Халықаралық барыс күні, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл мереке 2013 жылы Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) бастамасымен қар барысының жойылып кету қауіпіне назар аудару және оны қорғау қажеттілігін атап өту мақсатында бекітілген.

Барыс – тек әдемі ғана емес, сондай-ақ сезімтал жаратылыс. Ол Қазақстанның Қызыл кітабінің III санатына енгізілген, бұл оның санының азайып келе жатқанын білдіреді. Бұл түрге негізгі қауіптер - мекен ету орындарының жоғалуы, браконьерлік және климаттың өзгеруі.

"Біздің елімізде бұл сирек жыртқыш 9 арнайы қорғалатын табиғи аумақта, соның ішінде ұлттық парктер мен қорықтарда кездеседі", - делінген хабарламада.

Қорықтар:

  • Алматы қорығы
  • Ақсу-Жабағылы

Ұлттық парктер:

  • Іле-Алатау
  • Жонғар-Алатау
  • Көлсай көлдері
  • Катон-Қарағай
  • Сайрам-Өгем
  • Шарын
  • Алтын-Емел

Халықаралық қар барысы күні - осы бірегей түрді және оның экожүйесін сақтау үшін әрекет етуге шақыру.

"Баршаңызды табиғатқа қамқорлық жасап, қар барысын қорғауға бағытталған бастамаларды қолдауға шақырамыз. Бірлесе отырып, біз осы ғажайып жануарларды қорғап, оларды болашақ ұрпақтарға сақтай аламыз.

Қазақстандағы фототұзақтардан алынған соңғы бейне материялдар қар барысының мекен ету аумағының кеңейіп жатқанын растады. Бірге, біз қар барысын қорғап, оны болашақ ұрпақтарға сақтауға атсалысайық!"

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel