Қазақстан ресейліктердің жиі баратын елдерінің бестігіне кірді

OneTwoTrip мамандары ресейлік саяхатшылардың жиі баратын бағыттарының рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 

Мамандар 1 маусым мен 15 шілде аралығында қолданушылардың брондау нәтижелеріне талдау жасап, сұранысқа ие бағыттарды анықтаған. 

Осылайша, Қазақстан үздік бестікке енді. Ресейден біздің елге өздігінен ұшып келетіндер (тур компаниясыз) саны сервисті пайдаланушылардың 7-8 пайызы екен. 

Түркия көш бастап тұр. Бұл бағыт әрбір бесінші (18 пайыз) қолданушыны қызықтырған. 

Екінші орында - Қырғызстан. Тапсырыс берілген жалпы есептегі билеттердің 12 пайызы осы бағытта алынған. 

Үшінші орында - Армения. Мұнда әрбір оныншы клиент ұшқан. 

Төртінші орында - Өзбекстан. Салыстырмалы түрде Қазақстанға қарағанда сәл ғана асып түскен. 

Үздік ондықта БАӘ, Беларусь, Таиланд, Израиль және Мальдив аралдары бар. 

Айта кетейік, рейтингке тек өздігінен ұшатын саяхатшылар енген, мамандар брондалған билеттерді сараптаған. Тағы бір рейтингте, Қазақстан таяуда ғана үздік үштікте болған еді. 

Қазақстан ресейліктер арасында танымал үш бағыттың қатарына енді

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!