Қазақстан ресейліктер арасында танымал үш бағыттың қатарына енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан 2022 жылдың сәуір-маусымында ресейлік туристер арасында танымал елдер рейтингінде үшінші орынға ие болды. Ресейлік ұялы байланыс операторының сарапшылары роумингті пайдалану статистикасын талдай отырып, осындай қорытындыға келді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Беларусь ресейліктер арасында ең танымал бағыттардың бірі. Екінші орынды Түркия иеленді. 2022 жылы Беларусьтегі ресейлік саяхатшылардың саны пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырылды. Бұл көрсеткіш Түркияда екі есе азайды, ал Қазақстанда 52 пайызға өсті.

Оператордың мәліметінше, көрші мемлекеттегі туристік ағымның өсуі бойынша көшбасшылар қатарында Қырғызстан (2019 жылмен салыстырғанда өсім 71 пайыз) және тікелей әуеқатынасы бар Өзбекстан (+55 пайыз) бар.

Сондай-ақ, абоненттер мобильді интернетті әлдеқайда белсенді қолдана бастағаны атап өтілді. Роумингтегі трафиктің ең көп шығыны YouTube-те (8 пайыз). Одан кейін WhatsApp (6 пайыз), Telegram (5 пайыз) және VK (4 пайыз), Яндекс.Музыка және ТикТок - әрқайсысы 2 пайыз. Ал ресейліктер арасында шетелде маршруттар іздеудің ең танымал қосымшасы Яндекс.Карталар болды. Олар картографиялық сервистердегі барлық трафиктің 60 пайызын құрайды. Мобильді интернетті белсенді қолданатын елдердің қатарында Грекия (сапарға бір адамға 2,7 гигабайт), Әзербайжан (2,5 гигабайт) және БАӘ (2 гигабайт) бар.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel