Қазақстан пойыздарында қанша бала дүниеге келді?

Нәрестенің қай уақытта шыр етіп дүние есігін ашатынын болжау мүмкін емес, кейде бұл кездейсоқ уақытта болып жатады. "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің өкілдері кейінгі үш жылда Қазақстан пойыздарында қанша бала дүниеге келгені туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, 2022-2024 жылдары аралығында пойыздарда 11 бала дүниеге келген.

"Жолсеріктердің көмегінің арқасында кейінгі үш жылда "Жолаушылар тасымалы" пойыздарында 11 шақалақ дүние есігін ашты. Босану туралы ақпарат дереу вокзал кезекшілеріне және жақын маңдағы станцияларға хабарланады. Сондай-ақ, жедел жәрдем шақырылады", - дейді комапния өкілдері.

Айта кетейік, қаңтардың басында әйел Ақтөбеге баратын пойызда босанды. Бортсеріктің көмегінің арқасында қыз бала аман есен дүниеге келді. Жас ана Айнагүл Тілеубергенова Тоғыс станциясынан Ақтөбе қаласына № 33 пойызбен бара жатқан. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!