Қазақстан Грузиядағы туристер саны бойынша топ-10 ел қатарына енді

Қазақстан сәуір айында Грузиядағы туристер саны бойынша сегізінші орынды иеленді. Өткен айда Грузияға 1 639 қазақстандық саяхаттап барған, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Agenda.ge басылымына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, 2021 жылдың сәуірінде Қазақстаннан келетін туристер саны 2020 жылдың сәуірімен салыстырғанда 284,7 пайызға артқаны белгілі. Мұндай сандарды Грузиядағы инвестициялық банкинг және инвестицияларды басқару қызметтерін ұсынатын Galt & Taggart компаниясы келтіреді.

Сәуір айында Грузияға шетелден 82 519 адам келген. Компанияның мәліметінше, Грузияға ең көп қонақ Түркиядан келді - 21 106 адам, бұл өткен жылдың сәуір айымен салыстырғанда 48,4 пайызға көп. Екінші және үшінші орындарда Израильден 10 098 адам (13 пайызға көп) және Ресейден келген туристер - 8 518 адам (125,5 пайызға көп) тұр.

Қазақстанның алдында Армения (8 331 турист), Украина (5 922), Әзербайжан (5 287) және Өзбекстан (2 711) орналасты. Содан кейін Беларусь (1 463) және Иран (1 024) бар.

2020 жылы Грузиядағы туристердің жалпы саны коронавирус пандемиясына байланысты 80 пайызға төмендеді. Табыс 2,7 миллиард доллардан 541,7 миллион долларға дейін азайды.

Бұған дейін қазақстандықтар Шри-Ланкаға бару бойынша көшбасшы болғаны хабарланған болатын. 2021 жылғы наурызда аралға 4 500 турист келді, оның ішінде 1 514 адам - Қазақстаннан. Аралға көп барғандардың рейтингінде екінші орында Германия, үшінші орында Ұлыбритания болды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!