Қарағанды әуежайында цифрлық жеке куәлік енгізілді

Қарағанды әуежайында жеке деректерді растау үшін eGov Mobile қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті ұсыну мүмкіндігі пайда болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile-да авторизацияланған пайдаланушы "цифрлық құжаттар" қызметіне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдауы қажет. Әуежайдың тіркеу орнында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бұрын мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау, Тараз және Петропавл қалаларының әуежайларында қолжетімді болатын. 

Цифрлық құжаттар сервисі пилоттық режимде жұмыс істейді. Жоба әзірге сыналып жатқандықтан, жоғарыда аталған әуежайларда сервисті пайдалануды жоспарлап отырған жолаушыларға өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын да алып жүру ұсынылады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!