Индонезия Жаңа жылға туристерге шектеулер қоймайтын болды

Индонезия билігі Жаңа жыл кезінде елде бұрын жарияланған шектеулерді енгізбейді. Бұл туралы АТОР сайтында хабарланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ел үкіметі 24 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін бүкіл ел бойынша кафелер мен дүкендердің жұмысын шектеу туралы шешімін өзгертті. Бұл шаралар туралы бұған дейін адам дамуы мен мәдениетін үйлестіруші министр Мухаджир Эфенди мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, ПТР-тестінің мерзімін қысқартпау туралы шешім шығарылды.

Сондай-ақ, жаңажылдық мерекелер кезеңінде 24 желтоқсаннан 2 қаңтарға дейін шетелдік туристер үшін максималды шектеулер енгізу туралы бастама қабылданған жоқ.

Дегенмен, Индонезияға тек вакцина салдырған азаматтар ғана кіре алады (туристік визалар берілмейді). Бұл жағдайда елге келгенге дейін 48 сағат бұрын жасалған ПТР-тестін ұсыну керек, содан кейін Джакарта немесе Манадодағы сертификатталған қонақүйде 10 күндік карантиннен өту керек. Соңында саяхатшылар коронавирусқа тағы бір талдау жасап, мемлекет ішінде еркін жүре алады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!