Израиль омикронға қарамастан туристер үшін шекараны қайта ашады

Израиль келесі аптада вакцина алған туристер үшін сапар шектеулерінен бас тартуы мүмкін. Бұл туралы елдің туризм министрі Йоэл Развозов мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, екпе салдырған азаматтар мен туристерге қатысты шектеулер, егер омикрон нұсқасы таралып, үйреншікті жағдайға айналса, ешқандай эпидемиологиялық пайда әкелмейді.

"Менің ойымша, бір апта ішінде біз Бен-Гурион әуежайын аша аламыз. Өйткені оны жауып, вакцина алған Израиль азаматтарына шығуға, туристер мен біздің туристік индустрияға кіруге шектеулер қоюдың қажеті жоқ", - деді ол.

Министрдің сөзінше, сапарларға шектеулер барлық карантинге қарамастан Израильде тарала бастаған омикронның таралуына айтарлықтай әсер етпейді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!