Халықаралық әуеқатынас: 54 рейс орындалады, тағы 22-сі кейінге қалады

2022 жылы 12 қаңтарда 54 халықаралық рейс орындау жоспарланған. Бұл туралы ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осылайша, Нұр-Сұлтаннан Мәскеу, Дубай, Франкфурт, Ыстамбұл, Кутаиси, Ташкент, Пхукет, Гоа, Санкт-Петербург, Коломбо, Бішкек, Мале, Омск, Тбилисиге рейстер жоспарланған, ал Красноярск қаласына баратын және келетін екі рейс ұшпайтын болды. 

Ақтау, Шымкент, Түркістан, Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларына ұшып келетін және ұшып шығатын 18 халықаралық рейстер: Үргеніш, Нүкіс, Амстердам, Ыстамбұл, Шарджа, Пхукет, және Мәскеу. Ал Алматы, Ақтау, Түркістаннан 20 рейс ұшпайтын болды, олар: Ыстамбұл, Дубай, Сеул, Минск, Кувейт, Калининград, Душанбе, Мәскеу, Үргеніш қалалары. 

54 рейс орындау жоспарланған, 22 рейс кейінге қалды. 

Нұр-Сұлтан қаласымен халықаралық әуеқатынасы толық қалпына келді, алайда Lufthansa және Turkish Airlines әуекомпаниялары әзірге ұшпайды. Turkish Airlines әуекомпаниясы Нұр-Сұлтанға 13 қаңтардан бастап ұшуды жоспарлап отыр.