12 қаңтарға Қазақстанның ішкі әуерейстерінің кестесі жарияланды

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның ішкі рейстері кестесін жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz

2022 жылы 12 қаңтарда 202 рейс жоспарланған ("Эйр Астана" және Fly Arystan - 135, SCAT – 45, Qazaq Air – 22), оның 8-і кешігіп келеді, ал 98-і ұшпайтын болды. Кейінге қалу не мүлде ұшпаудың басты себебі - Алматы әуежайының жабылуы. "Эйр Астана" мен Fly Arystan әуекомпаниялары 58 рейс орындауды жоспарлап отыр.