Гидтің бәрі бірдей біле бермейтін сәулет өнерінің тарихы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Жаңарған Түркістан соңғы жылдары Қазақстан саяхатшыларының назарынан түсер емес. Түркі әлемінің астанасына ауқымды ребрендинг жасала бастағаннан тек шетелдік туристерді ғана емес, қазақстандықтардың да қызығушылығын оятуда. Сән-салтанаты мен сәулет жаңашылдықтарына қарамастан, түркі әлемінің рухани астанасының басты көрнекті орны - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болып қала береді.


Жаңарған Түркістан соңғы жылдары Қазақстан саяхатшыларының назарынан түсер емес. Түркі әлемінің астанасына ауқымды ребрендинг жасала бастағаннан тек шетелдік туристерді ғана емес, қазақстандықтардың да қызығушылығын оятуда. Сән-салтанаты мен сәулет жаңашылдықтарына қарамастан, түркі әлемінің рухани астанасының басты көрнекті орны - Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болып қала береді.

Бүгін Kaz.tengritravel.kz порталы Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-мен бірге осынау ғажайып сәулет ғимараты жайлы толығырақ баяндайды.

Алып кесене Әмір Темір кезінде тұрғызыла бастады. Дәлірек айтқанда, 1385 жылы. Монументалды тік бұрышты құрылым XII ғасырда өмір сүрген әйгілі шығыс ақыны, ойшыл Ахмет Яссауиге арналған. Бұл баса назар аударалық жағдай, себебі ол құрметіне Орталық Азияның бір кереметі тұрғызылған жалғыз тұлға.

Қожа Ахмет Яссауи

Халық оны Әзірет Сұлтан атаған Яссауи - сопылық поэзияның негізін қалаушы, Орталық Азия түріктерінің арасында ислам дінінің таралуында шешуші рөл атқарған тұлға. Танымал сопының уағыздарын тыңдау үшін адамдар әлемнің түкпір-түкпірінен келген. Өз ілімдерінде ол адамдарды мейірімді болуға және нәпсіге берілмеуге үндеді. Ахмет Яссауи ілімінің мәні үлкен сұранысқа ие болған "Диуани Хикмет" поэзиялық жинағында берілген. 1167 жылы қайтыс болғаннан кейін (басқа тарихи деректер бойынша, бір жыл бұрын) Яссауи зор құрметпен жерленген, ол бірден зиярат ету орнына айналған шағын кесенеге қойылған. Иә, бастапқыда Яссауи кесенесі мұндай көлемді болған жоқ.

Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Сәулет өнерінің ғажайыбы аталған мавзолей

Шамамен 200 жылдан кейін Әмір Темір Алтын Орданы жеңуі құрметіне Ахмет Яссауи ескі кесенесінің орнына жаңа зәулім мемориалдық кешен салуға шешім қабылдайды. Тарихшылар Темір бұл жағдайда тек діни көзқарастарды ғана басшылыққа алған жоқ деп болжайды. Осылайша ол өзінің беделін көтерді, өз билігінің мызғымастығын растады, сондай-ақ, ол үшін маңызды мәселе жерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Сонымен қатар, Әмір Темір бұл ісімен халықтың кедей бөлігіне қамқорлық танытты, себебі бұл жер үйі жоқ жарлы-жақыбайларға пана болды.

Қызық дерек

Бұл кезде Темір тойға дайындық үстінде еді. Самарқандта қалыңдықты қабылдау үшін, Темірланның бұйрығымен, үлкен "Дилькуш" бақшасының құрылысы аяқталды. Қалыңдығымен кездесуге бара жатып, ол Ясыға тоқтады (ол кезде Түркістанның осылай аталды), онда Ахмет Яссауи қабіріне зиярат етіп, мұндағы дін қызметкерлеріне бағалы сыйлықтар тарту етті. Тарихи құжаттар бойынша, Темір мазарды зерттей келе, оны бұзып, осы жерге жаңасын салуды бұйырды.

Әмір Темірдің нақты көрсетілген сызбасы бойынша өлшемдері алдын ала анықталған. Ол Қожа Ахметтің атына лайық болатын бұрын-соңды болмаған көлемдегі құрылысты тұрғызуды шешті. Бірақ өлшемі ғана емес, сонымен қатар салыну уақыты да таңғаларлық. Жаңа кесене он жылда салынған. Құрылыс үшін арнайы ерітінді мен күйдірілген қызыл кірпіш қолданылды. Кесене төртбұрышты, 44,5 метрден 65,5 метрге дейін, порталдары мен күмбездері бар: доғал порталдың биіктігі 37,5 метр, негізгі күмбездің биіктігі 44 метр, диаметрі 22 метр, айта кетсек, Қазақстан мен Орта Азияда сақталған күмбездердің ең үлкені, Самарқандтағы әйгілі Гур Эмир кесенесінің күмбезінен де асып түседі. Сыртқы қабырғаларының қалыңдығы екі метр, ал орталық залдың қабырғаларының қалыңдығы үш метр.

Қызық дерек

Сонымен қатар, мұндай алып құрылым іс жүзінде іргетассыз тұрғызылды. Оның рөлін қалыңдығы бір жарым метрге дейінгі көпқабатты сазды құрылыс атқарды. Ғалымдар мұндай құрылым жер сілкінісі мен соғыстарға төтеп беріп, алты ғасыр бойы қалай мызғымай тұрды дегенге әлі бірауыздан шешім таба алмады.

Тарихшылар құрылысшылар инновациялық сәулет-құрылыс шешімдерін қолданғанын атап өтеді. Самарқанд дәл осылай тұрғызылды. Бұл парсы сәулетшілері болуы керек деп есептейді. Айтпақшы, қабір күмбезінде: "Шамс пен Абдуль-әл Уәхаб Ширази аль Банның жұмыстары" деген жазу бар.

Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Қызық дерек

Қалың көпшіліктің: "Кесененің қабырғасынан неге ағаштар шығып тұр?" деген сұрақ мазалайтыны анық. Мәселе мынада, кесененің құрылысы аяқсыз қалған. 1405 жылы Әмір Темір қайтыс болған соң, кесенеге кіру порталының қалған құрылысы аяқталмай қалады. Қабырғаларда бөренелер мен тірек орындары қалып қояды.

Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Бүгінде кесене сол дәуірдегі ең маңызды және жақсы сақталған құрылыстардың бірі. Кесенені безендіретін негізгі бөлігі - қазіргі қалпына келтіру жұмыстары. Түпнұсқа кірпіштер ішінара ғана сақталған. Монументалды ғимарат алуан түрлі тарихты бастан кешірді. XVI ғасырдың басында бірқатар бөлмелер далалық ақсүйектер жерленген зираттарға айналды. Содан кейін, 200 жылға жуық уақыт бойы, ғимарат өзінің діни мәнімен қатар, зайырлы өкілдік қызметтерді орындады. Бұл жерде қазақ хандарының салтанатты резиденциясы болды. Кесене шетелдік елшілерді қабылдап, маңызды мемлекеттік міндеттерді шешті.

XVIII ғасырдың басында жоңғарлар Түркістанды басып алды, бірақ олар кесене құрылысына, сондай-ақ қызметшілерге тиіспеді. 1819 жылы Түркістан қайтадан жаулап алынды. Бұл жолы қоқандықтар еді. Олар келмес бұрын кесене Түркістан цитаделін нығайтудағы буындардың бірі ретінде пайдаланылды. Кейбір үй-жайлар азық-түлік пен әскери техниканың қоймасына айналды. Тарихшылардың пайымдауынша, сол кезде кесенеге кіре берісте күзетшілер болған, олар қыста от жаққандықтан есіктер мен қабырғалар күйе болып қалған.

Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Қанат-Шах қаласының билеушісі қоқандықтарға бағынудан бас тартқанда, соғыс басталды. Қоқан қолбасшылары Түркістанды суға батыруға тырысты, суару арықтарын бөгеп, кесенені су астында қалдырды. Кейін Түркістанды орыс әскері қоршауға алған кезде ғимаратқа 11 артиллериялық снаряд тиді. Қала басып алынғаннан кейін, қабырғалардың тозығы жеткенінен құлап қалады деп қорқып ғибадатхананы бұзу жоспарланған болатын. Түркістан губернаторы фон Кауфман араласып, ғимаратты сақтап қалады. 1872 жылы оны жөндеуге мемлекеттен қаржы бөлінді. Алайда ол кезде бұл қаражат ғимарат ішінде жиналған қоқысты шығаруға ғана жеткен. 1884 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді, бірақ ішкі құрылысы қатты зақымдалды. Кеңес жылдарында кесене ұзақ жылдар бойы қалпына келтірілді. Ең соңғы қалпына келтіру жұмыстары 2020 жылы аяқталды. Желдету қабаттары реттелді, күмбез астындағы сегіз қырлы торапта гидроизоляция жұмыстары жүргізілді. Барлық жұмыстар ЮНЕСКО-мен келісім бойынша жүргізілді. Өйткені, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі ЮНЕСКО -ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген.

Қызық дерек

Кесене қазіргі уақытта ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген бес қазақстандық нысанның алғашқысы болып табылады. Ол мұнда 2003 жылы енгізілді. Содан кейін, 2004 жылы Таңбалы археологиялық ландшафтының петроглифтері, 2008 жылы - Сарыарқа - Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері, 2014 жылы Қытай мен Қырғызстанмен өтетін Жібек жолы, ал 2016 жылы - Батыс Тянь-Шань петроглифтері енгізілді.

Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Ішінде не бар?

Бір-бірімен безендірілген өту жолдарымен байланысқан шамамен 35 бөлме мен залдар. Орталық зал мен мешіттің ішкі қабырғалары көгілдір плиткамен безендірілген және мозаикалық медальонмен қапталған. Екі қабатты күрделі дәліздер орталық залға апарады. Орталық бөлме қазандық деп аталады. Қоладан жасалған қазан бар, оған бір кезде жұма намазынан кейін келушілерге беру үшін су құйылған. Бұл Тай-Қазан - түркі тайпаларының бірлігі мен қонақжайлылығының белгісі. Оның диаметрі 2,2 метр, салмағы екі тонна. Аңыздарда Тайқазан Түркістаннан 25 шақырым жерде, Қарнақ ауылында жеті сирек кездесетін металл қорытпасынан құйылған деп айтылады. Ал қазандықтағы жазбалардың бірі "береке құйыла берсін!" деп аударылады.

Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Қызық дерек

1934 жылдан бастап Тай-Қазан Ленинградтағы Эрмитаж залдарының біріне қойылды. Бірақ 1988 жылы қазақ үкіметінің талап етуімен Тай-Қазан бастапқы мекеніне қайтарылды.

Кесененің негізгі үй-жайларының бірі - Яссауи қабірі. Ортада биіктігі 1,85 метр Қожа Ахмет Яссауидің құлпытасы бар. Ал оның жанында әйелі мен ұлы Ибраһим шахтың құлпытастары бар. Қабір қос күмбезбен жабылған. Оған күміс кіріктіріліп ойылған есік кіреді. Бөлменің өзі көптеген мыс шамдармен безендірілген. Бұрын кесенеде медресе мен кітапхана болған. 1975 жылға дейін қолданылған мешіт пен ортағасырлық монша бүгінгі күнге дейін сақталған. Ескі мыс хауыздар мен құмыралар әлі де сақталған. Қасиетті орынның жанында кешеннің қорғаныс құрылымдары, бекініс қабырғасы, қорғандар бар. Мұндай көпфункционалдылық сол кездегі кесенелерге тән болды.

Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Кесененің солтүстік-батыс бөлігін мешіт алып тұр, онда михраб сақталған. Мешіттен кітапханаға баруға болады. Солтүстік-шығыс бөлігінде сарай үй-жайлары бар: кіші және үлкен сарайлар. Ең құрметті адамдар 600 жыл бойы шағын сарайда жерленген. Ең көне қорым 1431 жылға жатады, барлығы 43 қабір тасы бар. Кездесулер үлкен жерде өтті, онда хандық орындық пен асатаяқ орналасқан. Дәл осы жерде басқа елдердің елшілерін қабылдап, құрылтайлар өткізген. Оңтүстік-батыс бөлігінде асхана болды, онда олар "халим" деп аталатын арнайы тағам дайындалды - сұйық ботқа тәрізді, кедейлерге таратылды. Оңтүстік-шығыс бөлігінде құдық-хан бар бөлме орналасқан. Ғимараттың қасбеті геометриялық және гүлді өрнектерге толы. Кесененің іші мен сырты жазулармен безендірілген.

Сурет Түркістан облысы бойынша туризм басқармасының "Туристік ақпараттық орталық "Turkistan Tourism Center" КММ-нен

Бізге әбден таныс айналадағы көрікті жерлер де кейде жаңалығымен таңдай қақтырып жатады. Бұл ақпарат сізге осы ерекше жердің ұлылығын сезінуге және оның тарихын паш етуге мүмкіндік береді деп сенеміз.

TengriTravel