Бортсерік ұшақта ыңғайлы ұйықтаудың құпия әдісін ашты

Америкалық әуекомпаниялардың бортсерігі Томми Чимато (Tommy Cimato) - өзінің кәсібі туралы әңгімелерімен әлеуметтік желілерде танымал. Ол ұшақта жайлы ұйықтаудың құпия әдісін ашты. Видеоны TikTok желісінде бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Жарияланған видеода жас жігіт жолаушылар орындығынан орындықты алып тастап, оны жолдар арасындағы өткелге орнатады. Оның айтуынша, осылайша бортсеріктер ұзақ рейстерде ұйықтай алады.

"Бұл төсекке ұқсайды. Бұл - өте керемет", - деп түсіндіреді Шимато.

Төсек жасаудың ерекше тәсілі желі қолданушыларын таңғалдырды. 

"Менің ойымша, осылай ұйықтау өте жақсы идея", "келесі ұшу кезінде мен отырғышты шешіп, жатуға тырысамын"," мен ол жерден құлап кетпеймін бе?", "бұл қызықты көрінеді, бірақ өте сенімді емес", - деп жазды олар.

@tommycimato

#fyp #flightattendant #airline #aviation #travel #adventure

♬ Vacation - Dirty Heads

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

"Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!