Еуропаға саяхатты қалай жоспарлау қажет?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay © pixabay

Қазір Еуропаға турлар көп, бірақ олар күрделі дайындықты қажет етпесе де, саяхатшылардың жүріп-тұруын айтарлықтай шектейді. Өз бетіңізше саяхаттау сіздің қайда бару керектігін және күнделікті әрекеттеріңізді жоспарлауға мүмкіндік береді. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Еуропа бойынша саяхатты өз бетіңізше қалай ұйымдастыруға болатыны және 2022 жылы нені ескеру керектігі жайлы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Қазір Еуропаға турлар көп, бірақ олар күрделі дайындықты қажет етпесе де, саяхатшылардың жүріп-тұруын айтарлықтай шектейді. Өз бетіңізше саяхаттау сіздің қайда бару керектігін және күнделікті әрекеттеріңізді жоспарлауға мүмкіндік береді. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Еуропа бойынша саяхатты өз бетіңізше қалай ұйымдастыруға болатыны және 2022 жылы нені ескеру керектігі жайлы баяндайды.

Қайда ұшып баруға болады?

Қазіргі уақытта Қазақстан Еуропаның келесі елдерімен – Ұлыбритания, Германия, Греция, Италия, Нидерланды және Польшамен тікелей әуе қатынасын қалпына келтірді. Еуропа бойынша саяхаттау үшін сізге Шенген визасына өтініш беру керек. Ол 90 күн бойы Еуропа елдерінің шекарасынан еркін өтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Шенген визасы бастапқыда берілген елде болған күндер саны барған кез келген басқа елдерде болған күндер санынан көп болуы керек. Шенген визасын қажетті құжаттарды жинау, өтінішті толтыру және елшілікке немесе консулдыққа барып алуға болады.


Фото - pixabay  

Әрине, әуелі арзандау жерге ұшқан дұрыс. Бұрын Шығыс Еуропа елдеріне Қазақстаннан ұшу арзан деп есептелсе, қазір билет бағасы бірдей болды. Ұшу құны мен шарттары туралы толығырақ Air Astana, Lufthansa, LOT Polish Airlines, NEOS сайттарынан біле аласыз.

Еуропаның ең арзан 10 қаласы аталды

Транзиттік рейстермен де ұшуға болады, алдымен Түркияға, не БАӘ-не, ары қарай жоспарлаған елге жетуге болады. Ең қолайлы бағаларды WizzAir және Turkish Airlines ұсынады.

Сондай-ақ, Еуропаның барлық елдеріне Шенген визасын рәсімдеудің қажеті жоқ. Мысалы, Қазақстанмен тікелей рейстері бар Черногорияға бару үшін виза қажет емес. Алайда, сіз Черногорияға ұшар болсаңыз және одан кейін бірнеше басқа Еуропа елдеріне баруды жоспарласаңыз, Шенген визасы қажет болады.

Прага, Чехия, фото - pixabay  

Лайфхак: Еуропаның 33 елін 188 долларға қалай аралауға болады

Қай елдерге барғыңыз келеді, әрі олар несімен қызықтыратынын алдын ала шешіп алыңыз. Ақша үнемдегіңіз келсе, Македония, Албания, Босния және Герцеговина, Сербия, Румыния, Болгария, Черногория, Венгрия немесе Польшаны таңдаңыз. Бұл елдерде азық-түлік те, жалға берілетін үй де арзан. Танымал туристік елдерде астанасында емес, шағын қаласына тұрақтағаныңыз жөн, мысалы, Нидерландыда студенттік қала Утрехтке, Францияда - Марсель, Шотландияда - Эдинбург, Италияда - Сиена, Пальманова. Жағажайдемалысын сүйетіндер Грекияның Кос, Милос, Испанияның Малага аралдарын, Португалияның Картейра курортын немесе Хорватия Сплитін таңдауларына болады.

Еуропада қандай көлік түрімен жүруге болады?

Саяхатыңызды жоспарлап, қандай көлік түрімен жүретініңізді анықтап алыңыз. Лоукостерлер жаман емес, бірақ барлық қалаларға ұша бермейді, әрі оларға билетті алдын ала алу қажет. Ел ішінде пойызбен қатынауға да болады. Елдер арасында пойызбен жүретін болсаңыз, мына сайт сізге пайдалы болады. Жақын жерлерге бару үшін автобуспене де жүруге болады, оларды мына жерден және мына жерден табуға болады.

Флоренция, Италия, фото - pixabay 

Қашан саяхаттау қажет?

Саяхатыңызды демалыс және мереке күндеріне сәйкес келмейтіндей жоспарлаңыз. Осылай жасау арқылы билетке, тұратын жерге ақшаңызды үнемдеуге, әрі ұзыннан-ұзақ кезекке тұрудан аулақ боласыз. Сонымен қатар, туристік емес маусымда бару да ақшаңызды айтарлықтай үнемдейді.

Қайда тұруға болады?

Шенген визасын алуға өтініш бермес бұрын ұшақ билеттері мен қонақүйлерді брондау керек екенін ескеріңіз. Сондықтан тұратын жер іздеуде мұқият болыңыз. Тексерілген сайттарды пайдаланыңыз. Мысалы, Booking және Airbnb.

Ойын-сауық бағдарламасы

Мәдени демалыс үшін Еуропаның үздік қалалары аталды

Егер сіз шынымен әсерлі және ерекше саяхат жасағыңыз келсе, саяхаттау үшін әдеттегі жерлерді таңдамағаныңыз жөн. Оларды жергілікті туристік ресурстардан, сондай-ақ TripAdvisor сияқты халықаралық форумдардан іздеген дұрыс.

Франция, фото - pixabay 

Сонымен қатар, әрбір еуропалық қаланың өз веб-сайты бар, ресми ресурстарды қараған дұрыс. Онда туристердің немен айналысып, қалай жүруге болатыны, негізгі көрікті жерлер туралы ақпарат, сонымен қатар мюзиклдер, театр қойылымдары, көрмелер мен фестивальдер туралы нақты ақпараттар берілген.

City Card (немесе CityPass) туралы алдын ала біліп, олардың мүмкіндіктерін зерттеңіз. Мұндай карталар туристерге әртүрлі жеңілдіктер мен бонустар алуға мүмкіндік береді, бұл көбінесе қоғамдық көліктерге, мұражайларға, экскурсияларға, аттракциондарға, ойын-сауық орындарына, сондай-ақ мейрамханалар мен қонақүйлерге қатысты.

Интернет және байланыс

Әмбебап саяхат SIM карталарын пайдаланыңыз. Олар белгілі бір операторға байланысты емес, бірақ жергілікті операторларға негізделген. Сондықтан бір картаны әлемнің барлық елдерінде қолдануға болады. Міне, мұндай мысалдар - бірінші, екінші және үшінші.

Не сатып алу керек

Tax Free туралы ұмытпаңыз. Бұл сатып алу салығын қайтаратын қызмет. Еуропалық құқыққа сәйкес, шетелдіктерге (еуропалық емес) сатып алынған тауарлар үшін ҚҚС (қосылған құн салығы) қайтарылады. ҚҚС олар сатып алынған елден кеткен кезде сатып алу үшін қайтарылады. Қайтару сомасы белгілі бір елдегі тауарлардың әртүрлі топтары үшін ҚҚС сомасына байланысты сатып алу сомасының жетіден 27 пайызына дейін есептеледі.

Пайдалы сілтемелер

Еуропаға арналған веб-сайт нұсқаулығы.

CouchSurfing сізге әлемнің кез келген қаласында түнеу үшін ғана емес, сонымен бірге уақыт өткізуге және осы елдің мәдениетімен жақынырақ танысуға болатын адамдармен сөйлесуге мүмкіндік береді.

Тегін волонтерлық тур табуға болатын сайт.

Еуропада автокөлікті жалға алу.

Еуропадағы бес еуродан автобус билеттері.

Еуропа бойынша автобус іздеу.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная