Еуропаның ең арзан 10 қаласы аталды

Сарапшылар Еуропаның әртүрлі қаласына екі күндік сапар шығындарын талдап, саяхат үшін қолжетімді қалалардың тізімін жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz және Aviata.

Express.co.uk мәліметінше талдау екі адамға, оның ішінде Ұлыбританиядан ұшуға екі күндік шығындарды қарастырады. Алайда, біз бұл зерттеуді қазақстандықтар үшін де пайдалы деп санаймыз, өйткені зерттеуде тұру шығындары, екі күндік экскурсиялар, бүкіл демалысқа арналған такси және үйден тыс жерде тамақтану сияқты басқа да параметрлер қарастырылған.

Forbes Advisor саяхатты сақтандыру сарапшыларының пікірінше, Еуропадағы ең қолжетімді орын - Польшадағы Варшава. Сіз демалыс күндері шамамен 513 доллар жұмсай аласыз (16.08.2022 бағамы - 478 теңге). Екі күндік таксидің бағасы небары 6 доллар болады. Экскурсиялар әлдеқайда үнемді, бағасы 9 доллардан басталады. Тамақтану, оның ішінде алкоголь орташа есеппен 55 долларды құрайды.

Екінші орында Болгариядағы София тұр. Талдау бойынша, екі адамға арналған демалыстың орташа құны 520 долларды құрайды. Келушілер Варшаваға қарағанда алкогольді арзандау ала алады, бірақ такси әлдеқайда қымбат - екі күнде 23 доллар.

Вильнюс (Литва) екі күндік демалысы үшін орташа құны 560 доллар болатын үшінші орында. Келесі - Скопье, Македония. Орташа құны - 615 доллар. Мұнда екі түн тұру екі адамға шамамен 154 доллар болады. Экскурсиялар, таксилер, үйден тыс тамақ және алкоголь сәйкесінше орташа есеппен 22, 19, 50 және 21 долларды құрайды.

Сербиядағы Белградты бюджетке қысқа демалысты іздейтін гурмандар жақсы көреді, өйткені екі күндік тамақтану құны Варшаваға қарағанда 14 доллардан да төмен. Тұру - екі күнде 93 доллар. Мұнда алкогольдің құны жоғары - екі күнге 31 доллар. Сербияның ең үлкен қаласы бұл тізімде бесінші орында, орташа құны 627 доллар.

Екі күндік демалыстың алтыншы қолжетімді қаласы - Чехия астанасы Прага, құны 641 доллар. Қымбат тұрғын үй Праганы бірінші орыннан алыстатады, орташа тұру бағасы 207 долларды құрайды.

Прага, Чехия. Фото @Pixabay

Черногорияның астанасы Подгорица, екі күндік сапар үшін орташа құны 636 доллар - жетінші орында. Мұндағы ең үлкен шығын - қонақүйде тұру - 161 доллар.

Сегізінші орында Босния мен Герцеговинаның астанасы Сараево. Онда ерлі-зайыптылар екі күндік демалыс кезінде қаланы аралап, зерттеуге 648 доллар жұмсай алады. Тұру, экскурсия, тамақ, такси және алкоголь шығындары орташа есеппен 171 долларды құрайды.

Бұл тізімдегі тоғызыншы орынды Латвия астанасы Рига алады, онда ерлі-зайыптылар екі күндік тұруға шамамен 662 доллар жұмсайды. Тұру құны - 322 долларға дейін. Дегенмен, сіз экскурсиялардан үнемдей аласыз, өйткені олар екі адамға бар-жоғы 24 долларды құрайды.

Сонымен, тізімдегі оныншы бағыт, Ригадан 13 долларға қымбат, Румыниядағы Бухарест. Екі түнге 675 доллар тұрады. Алкогольдің бағасы, экскурсиялар мен таксилер тізімнің ең арзан жағында болса да, үйден тыс жерде тамақтану орташа есеппен 86 долларды құрайды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!