Ереванға Қазақстаннан жаңа әуе рейсі ашылады

2 маусымнан бастап Алматы-Ереван бағыты бойынша жаңа әуе рейстері басталады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

FlyArystan әуекомпаниясының мәліметінше, бару және қайту рейстері тағайындалған күннен бастап дүйсенбі және бейсенбі күндері Airbus A320 борттарында орындалатын болады.

Әуе билеттерінің бағасы 28 700 теңгеден басталады.

Қазір Ақтау-Ереван бағыты бойынша SCAT әуекомпаниясы аптасына екі рет рейстерді жүзеге асырады. Армениядағы қолданыстағы санитарлық ережелерге сәйкес, елге кіру үшін туристерге ПТР-тестін немесе вакциналау паспортын ұсынудың қажеті жоқ.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!