Ер адам масаң күйде тәртіп бұзғаны үшін жолаушылар пойызынан түсірілді

Қызылорда облысы Жосалы станциясында Маңғыстау – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан мас күйде болған Алматы облысының 54 жастағы тұрғыны түсірілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, қоғамдық орында масаң күйде болған ер адам ескертулерге құлақ аспаған, сөйтіп жолаушылардың мазасын алып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

"Құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК 437-бабының 1-бөлігі және 440-бабының 1-бөлігімен, яғни тыныштықты бұзу және алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды (34 500 тг)", - деді полицейлер.

Еске салайық, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 19 564 құқықбұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Осыған дейін 59 жастағы ер адам мас күйде пойыздың тоқтату кранын жұлып алғаны айтылған еді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!