Дубайдан ұшып келген бір қазақстандықтан коронавирус анықталды

2021 жылдың 5 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына ҚХР, Шри-Ланка, БАӘ, Мысыр, Түркия, Моңғолия, Грузия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 29 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

4 180 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 864 адам, анықтамасыз 316 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

  • Алматы қаласының әуежайына - 17 рейс, 2 688 жолаушы, анықтамамен - 2 458, анықтамасыз - 230;
  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 10 рейс, 1 315 жолаушы, анықтамамен - 1 229; анықтамасыз - 86;
  • Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 51 жолаушы анықтамамен келген;
  • Шымкент қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 126 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді, олар қазір карантиндік стационарларда нәтижелерін күтіп жатыр.

Сонымен қатар, 4 наурызында анықтамасыз келген 513 қазақстандықтың ПТР-талдау нәтижелері бойынша, Дубай - Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус анықталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!