Алтын қосылған нан мен құны 2,5 миллион болатын бал. Туристерге арналған ең қымбат тағам түрлері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туристердің саяхат кезінде сатып алатын әлемдегі ең қымбат тағамдары белгілі болды. Бұл тізімде нан, ірімшік, бал және сыра бар. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге әлемдегі қымбат тағамдар туралы баяндайды.


Туристердің саяхат кезінде сатып алатын әлемдегі ең қымбат тағамдары белгілі болды. Бұл тізімде нан, ірімшік, бал және сыра бар. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге әлемдегі қымбат тағамдар туралы баяндайды.

Вестник АТОР басылымының мәліметінше, әлемдегі ең қымбат нанның түрі - Gold Leaf Bread ("алтын қосылған нан"). Туристер бұл нанның дәмін Испанияның Малага маңындағы Алгатосин қаласынан тата алады.

Pan Piña отбасылық наубайхананың иесі Хуан Мануэль Морено нанның рецептін өте құпия ұстайды. Алайда, ол ең ерекше ингредиент - алтын мен күмістің ұнтағы екенін айтты. Бағалы металдар дәміне әсер етпейді, бірақ наубайшының айтуы бойынша, нанға "қымбат сән" береді.

Мореноның айтуынша, нан көбіне Испанияда тұратын орыс, араб және қытайлық миллионерлер арасында сұранысқа ие екен. Өйткені, оның бағасы 230 доллар, яғни шамамен 100 000 теңге.

"Кейде оны өздерін еркінсітіп, еркелеткісі келетін туристер де алады екен, бірақ мен Коста-дель-Сольдің ең бай тұрғын үй кешендерінде бұл нанды ең көп өткіземін", - деді ол испандық БАҚ-қа берген сұхбатында.

Коронавирустық пандемияға байланысты Испания туристер үшін әлі де жабық. Ол жерге белгілі бір санаттағы адамдар, соның ішінде осы елде тұруға ықтиярхаты бар адамдар ғана кіре алады.


© Grupoaleman.es

Тізімдегі келесі қымбат тағам - ірімшік. Ол Францияда сатылмайды. Пуле (Pule) ірімшігі Сербияда өндіріледі. Оның қымбат болуының құпиясы - ол өте пайдалы болып саналатын Балқан есектерінің сүтінен жасалады.

Қолмен сауу кезінде 15 есектен тәулігіне төрт литрге жетер-жетпес сүт шығады, ал мұндай ірімшіктің бір килограммын жасау үшін кем дегенде 25 литр қажет. Ірімшік тәтті жаңғақ дәмі бар, жұмсақ болып шығады.

Оның бөлшек бағасы килограммына 1200 доллардан сәл асады, бұл шамамен жарты миллион теңгені құрайды. Алайда ірімшік аукциондарында, жылына және өндірілген ірімшік мөлшеріне байланысты, келісінің бағасы 2800 долларға жетуі мүмкін (1 175 888 теңге).

Pule ірімшігін ірімшік жасаушы Слободан Симич шығарады. Сіз оны Сербиядағы Засавица қорығының сайтынан сатып ала аласыз.

Сербияда пандемияға байланысты шетелдіктердің келуіне шектеу қойылмады. Қазақстанда бұл елге тікелей рейстер жоқ, ал Ресей 15 қазаннан бастап Сербиямен халықаралық рейстерді қалпына келтірді. Елге кіру үшін сізге биоматериал алынған сәттен бастап 48 сағаттан аспайтын уақыт аралығында жарамды COVID-19 коронавирусына қарсы ПТР тестін ұсыну қажет.


Сурет Zasavica қорығының сайтынан

Әлемдегі ең сирек кездесетін және ең қымбат бал Түркияда өндіріледі. Ол "пері балы" (түрік тілінен аударғанда - "ертегідегі бал") деп аталады, ал батыстық баспасөзде емдік қасиеттері үшін оған "эльф балы" деген романтикалық атау берген екен.

Балды шығаратын тау аралары Сарышайыр үстіртінде баруы қиын үңгірлерде тұрады. Оларды альпинистер тобы алғаш рет 2009 жылы тапқан. Алайда бұл аралардың қазіргі орнын омарташы Гюнай Гюндюза өте құпия ұстайды.

Түркияда бұл балдың бір килограмын 6000 долларға (2,5 миллион теңге) сатып алуға болады, бірақ ол оңай емес, иесімен арнайы келісім бойынша ғана жүзеге асыруға болады. Омарталар сайтында балдың қолжетімді басқа да түрлері сатылады.

Түркия қазақстандық туристер үшін ашық. Рейстер Алматыдан, Нұр-Сұлтаннан және Шымкенттен қатынайды. Рейсті төрт әуекомпаниясы - Air Astana, SCAT, Turkish Airlines және Pegasus жүзеге асырады. Түркияға келген барлық жолаушылардың елге кірерден 72 сағат бұрын жасалған ПТР сынағы бар анықтамасы болуы керек.


© Shutterstock

Ең қымбат сыра - америкалық-шотландтық краудфандингт BrewDog сыра зауытының өнімі. Оны "Тарихтың соңы" (The End of History) деп атайды.

Сыра ащы, ашық түсті бельгиялық эль сусынына ұқсас келеді. Оны шотландиялық қалақай мен арша жидектерімен тұндырады.

"Тарихтың соңы" атауы бұл әлемдегі ең күшті (55 пайыз) сыра екендігіне және оны "сыра қайнатудың ең күшті жетістігі" екенін білдіру үшін берілген.

Қазір бұл сыра арнайы тапсырыспен дайындалады және сыра зауытына 20 мың доллар (сегіз миллион теңгеден астам) инвестиция ретінде салғандарға сыйлық ретінде беріледі. Сіз оны тек аукциондардан ғана сатып ала аласыз.

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel