Димаштың атын естігендегі шетелдіктердің эмоциясы видеоға түсірілді

Отандасымыз Димаштың атын естігендегі шетелдіктердің реакциясы видеоға түсірілді. Қазақстаннан тыс жерде түсірілген видео Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын бүкіл әлем жоғары бағалайтынын тағы да айғақтап отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Жақында желіде пайда болған видеода француздардың Димаш есімін естіген кездегі эмоциясын көруге болады.

@el_brand_kz #франсуз#париж #серебро925 #ерлер #сереброастана #dimashkudaibergen ♬ original sound - el_brand.kz

"Димаш - қазақстандықтардың визит карточкасына айналды", "Қазақстанның туын қалтасына қалай ұқыпты салды","Димаштың атын естігенде барлығы Қазақстанды таниды екен. Қандай керемет!", - деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Ұлттық зергерлік бұйымдар жасайтын компания өкілі Жарқынбек Тұқбиұлының сөзінше, олар 2023 жылғы 15-24 желтоқсан аралығында Қазақстанның атынан Париждегі ұлттық қолөнер жәрмеңкесіне қатысқан.

"Бұл жәрмеңкеде француздармен қоса, басқа да еуропалықтар қазақтың ұлттық өнеріне үлкен қызығушылық танытты. Біз Димаш Құдайбергеннің елі - Қазақстаннан келдік деп айттық. Француздар қатты таңғалды. Бізден бұйымдар сатып алып, құрмет көрсетті. Содан кейін Димаштың орындауындағы "Адай" күйін қосып, шетелдіктердің реакциясын түсірдік", - деді ролик авторы.

Жарқынбек осылайша қазақ мәдениетін шетелде танымал етуге, оның бірегейлігін көрсетуге және әлем елдері үшін тартымдылығын арттыруға болатынын атап өтті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!