Енді қазақстандықтар БАӘ-нің басты көрнекі орнына тәулік бойы бара алады

Бұдан былай туристер Әбу-Дабидегі шейх Зайд мешітін тәулік бойы аралай алады. Бұл түнгі экскурсияларды енгізудің арқасында жүзеге асқан шара, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

The National басылымының мәліметінше, мешітте өткізілетін кешкі турлар шеңберінде туристер 14 тілде сөйлейтін мультимедиялық гидтердің қызметін пайдалана алады.

Түнгі экскурсиялардың құны - бір адамға 20 дирхам (ред. - шамамен 2500 теңге). Турда бір топта 20 адамға дейін болады. Мешітке күндізгі уақытта бару тегін, бірақ алдын ала тіркелу қажет.

2007 жылы салынған БАӘ-дегі ең үлкен шейх Зайд мешіті бір уақытта 40 мыңнан астам адамды қабылдауға қауқарлы. 2023 жылдың алғашқы алты айында мешітке 3 миллионнан аса турист, соның ішінде мемлекет басшылары мен ресми делегациялар барған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!