Чехияға Қазақстаннан әуе рейсі ашылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: www.facebook.com/FlyArystan Фото: www.facebook.com/FlyArystan

Ақтаудан Прагаға тікелей тұрақты әуе рейстері 12 маусымнан бастап ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтаудан Прагаға тікелей тұрақты әуе рейстері 12 маусымнан бастап ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ақтаудан Прагаға жаңа тұрақты рейстер жексенбі күндері, ал 6 шілдеден бастап аптасына екі рет бейсенбі және жексенбі күндері Airbus A320-да орындалатын болады. Оларды Fly Arystan лоукостері орындайды. Әуе билеттерінің құны 48 300 теңгеден басталады.

Қазақстан азаматтарына Чехияға кіру үшін Шенген визасы қажет. Чехияға кіру үшін теріс ПТР-тесті және вакциналау паспорты қажет емес.

Бұған дейін әуе тасымалдаушы 2 маусымнан бастап Алматы - Ереван бағыты бойынша рейстердің іске қосылғаны туралы хабарлаған болатын. Сонда және кері ұшулар Airbus A320 борттарында дүйсенбі және бейсенбі күндері белгіленген күннен бастап орындалады. Әуе билеттерінің бағасы 28 700 теңгеден басталады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная