Бурабайдағы қысқы демалыс жайлы не білесіз?

"Қазақстанның Швейцариясы" - Бурабайдың таулары мен қарағайлы ормандарын ел осылай атайды. Ауыл Нұр-Сұлтан мен Көкшетаудың арасында орналасқан, сондықтан астаналықтар мен елорда қонақтары үшін демалыс күндерін қаланың күйбеңінен алыс өткізуге таптырмас орын болып саналады. Kaztengritravel.kz порталы және Aviata.kz сервисі мұндағы танымал,әрі қызықты демалыс орындары жайлы баяндайды.

Сізге "ландшафт терапиясы" термині таныс па? Спа-терапияның бұл әдісі адам ағзасына табиғат сұлулығы, пейзаж және емдік серуендердің әсер етуі арқылы жақсарту үшін қолданылады. Таулармен қоршалған қылқан жапырақты ағаштарға тамсанып, саф таза ауамен тыныстап, мүлгіген тыныштықты тамашалау - Бурабайда демалуды ұнататныдардың басты мақсаты.

Курорттық аймақта қонақтарға жер асты бұлақтарының минералды суы, емдік балшық, қымызбен емделу және басқа емшараларды ұсынатын бірнеше санаторийлер бар.

Ал бұрын адамдар Бурабайға негізінен денсаулығын жақсарту үшін барса, қазір түрлі инфрақұрылымы бар орналастыру орындары көбейіп кетті. Көбінесе олардың жеке бассейндері, сауналары, моншалары, мейрамханалары, кафелері, түнгі клубтары, әртүрлі спорт түрлерімен айналысатын залдары бар. Кейбіреулер шана, трубинг, коньки тебу және шаңғы тебуді ұсынады.

Сондай-ақ, курорттық аймақта қонақтар атпен серуендеп, Жұмбақтас жартасына немесе Бурабай ұлттық табиғи саябағына баруға, тауға шығуға мүмкіндік алады. Қысқы ойын-сауықтың ауқымы туристер тоқтаған жердің аумағымен шектелмейді. Олардың қызметінде "Ақ-Желкен" және "Нұр-Тау" тау шаңғысы курорттары бар, онда ақылы сырғанақтар, шаңғы, конькиді, ал Park House Kokshetau қонақүйі мен "Алмаз" санаторийінде қарда жүретін көліктерді пайдалануға болады.

Картадан көріп отырғаныңыздай, тұру орындарына таңдау мол.

 

Ақмола облысы туризм басқармасының мәліметінше, Бурабайдағы ең танымал қонақүйлер: Rixos қонақүйлері, Edem, Terrassa Park, Park House Kokshetau және "Оқ-Жетпес" шипажайы. Біз сізге олар туралы айтып береміз.

Барлық демалыс орындары сіздің Ashyq қосыммшасындағы күйіңізді тексереді. Орналасу "жасыл" мәртебесі бар адамдарда ғана бар.

"Эдем спа" қонақүйі

Қазіргі уақытта бұл ең танымал қонақүйлердің бірі. Ол жиі таңдалады, өйткені өмір сүру құнына тұру мен тамақтану ғана емес, сонымен қатар бассейн, джакузи, сауна, балалар ойын бөлмесі, спорт залы, кинотеатр және кітапхана кіреді. Сондай-ақ, қонақтардың СПА-профилактикалық және медициналық қызметтерді алу мүмкіндігі бар (түтік-кварц, ингаляция, унилор тұру бағағсын кіреді, магнитотерапия, серагем массажы, электрофорез, CM-терапия кірмейді).

Үш мезгіл тамақтанатын екі орынды бөлмені 32 мың теңгеден, таңғы аспен бірге бөлмені 24 мың теңгеден жалға алуға болады. Ең қымбат бөлме төрт адамға арналған, күніне 100 мың теңге, үш мезгіл тамақтану болса, VIP бөлме таңғы асымен 90 мың теңгеге жалға алуға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Отель Боровое Отдых Бурабай (@edem_spa)

Terrassa Park шипажай қонақүйі

Алдыңғы қонақүй Бурабайға демалуға барғандардың көңілінен шыққан болса, бұл қонақүй сонымен қатар белсенді демалыс ұсына алады. Қыста қонақтар мұз айдынында немесе құбырлардағы сырғанақтарда жүре алады, автоматты көтергіш те бар. Бағасына таңғы ас, бассейн, джакузи, тренажер залы, ойын бөлмесі кіреді. Медициналық қызмет, спа, массаж бөлек төленеді.

Негізгі ғимараттағы екі орынды бөлмені жалға алу 35 000 теңгеден, люкс 66 500 теңге тұрады. Жеті жасқа толмаған бала қосымша төсек-орынмен қамтамасыз етілмеген жағдайда таңғы асты тегін ала алады. Жеті жасқа дейінгі екі бала (бір жағдайда) бір (төрт мың теңге) бағамен таңғы асын ішеді. Жеті жастан асқан балалар бөлек төсекке орналастырылады және олардың таңғы асы бөлме бағасына кіреді. Қосымша төсек - 12 100 теңге.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТДЫХ БОРОВОЕ | БУРАБАЙ (@terrassapark)

Rixos Borovoe

Rixos Borovoe қонақтарына қызмет көрсетудің кең түрін ұсынады. Бағаға таңғы ас (немесе күніне үш мезгіл - пакетіне байланысты), спа (скандинавиялық сауна, бу бөлмесі, фитнес-орталық, пайдалы бар және жабық бассейн), сауықтыру орталығы, балалар клубы кіреді. Қонақүйде спорт залы, акт залы және мәжіліс залдары бар. Қосымша ақыға әуежай трансферін жалдауға болады.

Екі кісілік нөмірдің құны күніне 81 мың теңгеден басталады. Ең қымбат нөмір күніне 179 мың теңгеден басталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Rixos Borovoe Hotel (@rixosborovoe)

"У Маши и медведя" демалыс орны

Туристік топтар демалыс үшін қонақүй таңдамай, толық үйді жалға алғанды жөн санайды. Сондай-ақ, мұнда мерекелер, корпоративтік кештер, команда құру, туған күндер өткізуге болады. ""У Маши и медведя"" демалыс орнында күніне 80 мың теңгеге үй жалдауға болады. Оған тоғыз адамға дейін сыяды. Бағаға таңғы ас кіреді. Түскі және кешкі асты өзіңіз дайындап аласыз. Ол үшін қонақтарға самауыр мен қазан бар. Сондай-ақ, беседка, тапшан, барбекю алаңы және ойын алаңы бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТДЫХ БОРОВОЕ |BURABAI (@u_mashi_i_medvedya)

Park house Borovoe

Бұл қонақүйді ашық ауада деалатындар жақсы көреді. Мұнда мұз айдыны, сырғанақ, балалар және спорт алаңдары бар. Шаңғы, коньки, сырғанау құралдарын жалға алуға болады. Сондай-ақ, ақылы түрде сіз қарда жүретін көлікке мініп, саунада ыстық буда отырып, массаж қабылдай аласыз.

Эконом класс бөлмесін 23 мың теңгеден жалға алуға болады. VIP бөлме - 50 мың теңгеден басталады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЕЛЬ | PARK HOUSE BOROVOE (@parkhouse_borovoe)

"Скала" ағаштан жасалған қонақүйі

Бұл кешен қонақтарға бөлмеде тұру немесе коттедждерді жалға беруді ұсынады. Стандартты екі орынды бөлмені жалға алу 30 мың теңгеден, коттеджді жалға алу (үш жатын бөлме, 10 адамға дейін) 120 мың теңге тұрады. Бағаға таңғы ас, беседкада демалу, ойын алаңы және барбекю алаңы кіреді. Сондай-ақ, аумағында дәмхана мен ағаштан жасалған монша бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТДЫХ | ОТЕЛЬ | БОРОВОЕ (@skala.burabay)

"Жұмбақтас" пансионаты

Бұл пансионат та қонақтарына отбасылық демалыс ұсынады. Тұру құнына бес мезгіл тамақтану, қымызбен емделу, тұз шахтасына бару, оттегі коктейльдері кіреді. Ақылы түрде басқа да медициналық және сауықтыру емшараларын ала аласыз. Тыныс алу және тірек-қимыл аппаратының гимнастикасы, ингаляциялық терапия, магнитотерапия, фототерапия, балшықпен емдеу, физиотерапия, сумен емдеу бар.

Бұл орын сауықтыру жағынан басымдығына қарамастан, мұнда балалар да зерігіп қалмайды. Олар сырғанақ теуіп, төбеден де сырғанай алады. Балаларға арналған ойын бөлмесі де бар.

Сондай-ақ, балалармен бірге жергілікті көрікті жерлерге экскурсияға немесе шаңғы тебуге баруға болады.

Жай күндері бір адамға күніне тұру құны 15 мың теңгеден басталады, бірақ кезең сайын әртүрлі бағдарламалар жұмыс істейді. Мысалы, жақында екі күннен бастап брондау кезінде тұру тоғыз мың теңге, бес күннен бастап 60 мың теңге тұратын акция болды.

"Евразия де люкс" қонақүйі

Бұл қонақүйде әртүрлі санаттағы бірнеше ғимараттар бар, сіз ғимараттардың бірінде бөлме жалдауыңызға болады немесе шале стиліндегі үйді жалға алуға болады (шале - бұл бөлмелердегі альпі тауындағы үйлердің тынысы сезілердей безендірілген бөлме дизайны. - Автордың ескертуі). Орналасу бағасы екі кісілік бөлме үшін 20 мың теңгеден басталады. Үйді жалға алу (үш адамға) - 35 мың теңгеден.

Жалдау ақысы 130 мың теңге тұратын сегіз адамға арналған коттедж де бар. Мезгіліне байланысты жеңілдіктер бар, ол кезде баға 90 мың теңгеге дейін төмендейді. 

Бағаға таңғы ас кіреді.

Ақылы моншаға тапсырыс беруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ГОСТИНИЦА/ КОТТЕДЖ/БОРОВОЕ (@eurasia_de_luxe)

"Оқ-Жетпес" санаторийі

Бұл Бурабайдағы ең танымал санаторийлердің бірі қонақтарына төрт мезгіл тамақтану, қымызбен емделу, медициналық қызмет көрсету (дәрігердің нұсқауы бойынша), бассейн, сауна, хамам, спорт залы, фитнес залы, ойын бөлмесі, кітапхана, кинотеатр және бильярд ұсынады. Мұның бәрі тұру бағасына кіреді.

Мұнда сондай-ақ, ақылы ЭКГ, УДЗ, сазбалшықпен емдеу, лимфодренаж, андрогин жасай аласыз, марал мүйізімен емделуге болады, гидроколонотерапия және әртүрлі зертханалық тексеруден өте аласыз.

Қыста шаңғы тебу, скандинавиялық серуендеу, сырғанау, терренкурлық серуендеу бос уақытыңызды тиімді өткізуге көмектеседі.

Бір тәуліктік бөлменің құны 39 мың теңгеден басталады. Люкс-апартаменттер құны - 113 мыңнан.

TUMAR HALAL глэмпинг-қонақүйі

Глэмпинг - қонақүйдей жайлылықпен ашық ауада демалу мүмкіндігін біріктіретін кемпинг түрі. Мұндай орынды бір күнге жалға алу 50 мың теңгеден басталады. Қонақүй стандартты қонақүй бөлмелері мен (19 мың теңгеден) жалға берілетін үйлер (70 мың теңгеден) ұсынады.

Таңдалған пакетіне байланысты бағасына таңғы ас немесе күніне үш мезгіл тамақтану кіреді.

Қонақүй аумағында шағын хайуанаттар бағы бар. Сондай-ақ, мұнда қонақтарға арналған барбекю алаңы, беседкалар, эстакадалар орналасқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TUMAR HALAL BOROVOE (@tumar_halal_borovoe)

Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық.

Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.