Бразилияда жантүршігерлік жол апатынан 25 адам қаза тапты

Бразилияның солтүстік-шығысындағы Баия штатында туристік автобус пен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан 25 адам қаза болып, 5 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты жергілікті азаматтық қорғаныс ведомствосы растады.

Белгілі болғандай, жол апаты жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 22:30-да болған. Жол апатынан автобустағы 22 адам, жүк көлігіндегі 3 адам тіл тартпай кеткен.

Бразилияның Федералды жол полициясы мәліметінше, зардап шеккендер жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Апат себептері анықталып жатыр.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!