Азаматтық авиация комитеті Түркияға кешіккен рейстерге қатысты түсініктеме берді

2022 жылдың 18 маусымында "Эйр Астана" әуекомпаниясының Boeing-767 әуе кемесінде техникалық ақау анықталды. Салдарынан әуе компанияның рейстерінің уақытылы орындалуына кері әсер етті. Осыған байланысты, әуекомпания келесі рейстерде әуе кемесін ауыстыруға мәжбүр болды.

18 және 19 маусымда Алматы – Анталbя бағыты бойынша 2 рейс 24 сағат 56 минутқа және 3 сағат 23 минутқа кешіктірілді.

"Эйр Астана" әуекомпаниясының 2022 жылғы 18 маусымдағы Алматы – Анталья бағыты бойынша КС 915 рейсі  жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-та ұшуға жоспарланған болатын. Алайда, рейс техникалық себеппен 19 маусым күні таңертең кешіктірілді. Рейс Анталияға 19 маусымда сағат 10:36-да ұшты.

Сондай-ақ, 19 маусымдағы Алматы - Анталbя бағытындағы КС 915 рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 09:40-та жоспарланған. Алайда, техникалық себеппен сыйымдылығы аз әуе кемесі Boeing-767-ден Airbus-321-ге ауыстырылды. Борт жергілікті уақыт бойынша 19 маусым сағат 13:03-те 9iты. Осы рейстен жолаушылардың бір бөлігі Нұр-Сұлтан арқылы Анталияға жөнелтілді, ал бір бөлігін 20 маусымдағы Алматы - Анталbя КС 915 рейсімен жөнелту жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, "Эйр Астана" әуекомпаниясының Алматы – Анталbя бағыты бойынша КС 915 рейсі 20 маусымдағы әуе кемесінің Сеул – Алматы рейсінен күту себебінен сағат 15:40-қа дейін 6 сағатқа кешіктіріледі.  

"Кешіктірілген рейстердің барлық жолаушысына ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңның 86-бабында көзделген қызметтер көрсетілді. Әуекомпания осы талаптарды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделеді. Әуе көлігінің негізгі басымдығы жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігі, осыған байланысты, егер қауіпті жағдайлар қауіпсіздікке қатер төндіретін болса, тасымалдаушы оларды жоюы тиіс, бұл, әдетте, рейстің кідіруіне әкеп соғады", - делінген Азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!