Фото © "Кыргыз темир жолу" Фото © "Кыргыз темир жолу"

Қырғызстанның пойыз вагондары желіні таңғалдырды


"Кыргыз темир жолу" ұлттық компаниясы филиалының вагон жөндеу зауытында істен шыққан вагондарды қайта жөндеп пайдалануға берілген вагондар таныстырылды. Ол республика ішіндегі қатынас үшін арналған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушының ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото © "Кыргыз темир жолу"

Кәсіпорынның мәліметінше, модернизация басталар алдында вагон конструкцияларын одан әрі пайдалану тұрғысынан толық тексеру жүргізілді. Қауіпсіздік мақсатында кузовтың конструкциясын өзгертпей жөндеу жүргізілді. Кейін "Кыргыз темир жолу" ҰК" МК сынау орталығында өрт және электр қауіпсіздігі ережелерінің талаптары бойынша сәйкестіктің барлық рұқсат беретін актілерін ала отырып, вагонның беріктігі мен қауіпсіздігі сыналды.

Вагонның ішкі интерьері жақсартылды және жолаушылар салонында неғұрлым ыңғайлы және қауіпсіз болды. Терезелер ұлғайтылып, панорамалық терезелер мен жаңа креслолар орнатылды. Жүріс бөліктері мен автотежегіштердің элементтері пайда болды, бұл қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қыс-жаз ауа баптау жүйелері, сусындарды салқындатуға арналған тоңазытқыш және ауыз суға арналған кулер енгізілді. Жолда теледидар қарауға болады.

Компания вагонды өз қаражатына жүргізді. Бұған дейін 30 жыл ішінде Қырғыз темір жолы жаңа жолаушылар вагондарын сатып алмаған болатын.

Желіде пайда болған суреттер пайдаланушыларды таңғалдырды. "Сондай әдемі, мұндай вагондға қуана отырар едім. Жарайсыңдар, қырғыздар, бізге бұл туралы армандау мүмкін емес", - деп жазады Қазнеттің пайдаланушылары.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Экс-футболшы Құздан секіремін деп отбасының көз алдында қайтыс болды Экс-футболшы Құздан секіремін деп отбасының көз алдында қайтыс болды
Туристер Паттайяның адам көп жүретін жерінде пышақтасты Туристер Паттайяның адам көп жүретін жерінде пышақтасты
Ұшқыштың жұмысқа дайындалған сәті Желі қолданушыларын тәнті етті Ұшқыштың жұмысқа дайындалған сәті Желі қолданушыларын тәнті етті