Әйелі мен күйеуі Орал-Алматы рейсінде орын үшін өзге жолаушымен төбелескен

Орал - Алматы бағытымен ұшқалы тұрған FlyArystan ұшағының бортында жанжал туып, салдарынан рейс кешікті, ал кінәлілерді ұшақтан түсіріп тастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Біздің басылымға жолаушылардың бірі болған жайды айтып берді. Оның сөзінше, жанжал әйел адам мен оның қасында отырған ер адам арасында болған. Әйел адам бөтен ер адамның қасына отырғысы келмеген екен.

"Ақыры әйел адам бортсерікке қол көтеруге дейін барды. Оны күйеуімен бірге түсіріп тастады, ал бізді қайта тексеруден өткізу үшін әуежайға қайтарып жіберді", - дейді ол.

Бұған қатысты редакциямыз Көлік полициясының департаментінен пікір білдіруді сұрады. Ведомствода оқиғаны растады.

"1 тамыз 22:16-да Орал қаласының желілік полиция бөліміне FlyArystan әуе компаниясының өкілінен Орал - Алматы бағытындағы ұшақ бортында құқық бұзушылар отырғаны жайлы хабар берді. Тексеріс кезінде полицейлер куәгерлердің көзінше өзге жолаушымен жанжалдасқан 32 жастағы ерлі-зайыптыны анықтады. Жанжалға себеп ұшақтағы орын болып шықты. Лайнер командирінің акті бойынша құқық бұзушылар ұшақтан түсірілді.

Әуе кемесінде ереже бұзу дерегі бойынша ер және әйел адамға қатысты ҚР ӘҚБтК 566-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілк іс қозғалды", - дейді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.