Астанада ер адам парашютпен секіру кезінде қайтыс болды

Астана қалалық полиция департаменті Tengritravel.kz тілшісіне берген сұхбатында Sky Dive Astana парашютшілер клубында болған оқиға туралы айтып берді.

58 жастағы ер адам парашютпен секіргеннен кейін ауыр жарақат алып қайтыс болды. Зардап шеккен ер адам көпсалалы аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген, алайда дәрігерлер оны аман алып қала алмады.

"31 шілдеде Алматы аудандық ПБ кезекші бөліміне қалалық көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде науқастың қайтыс болғаны хабарланды.

58 жастағы ер адамды Астана - Көкшетау тасжолында орналасқан парашютшілер клубынан жедел жәрдем каретасы алып кеткен. Ол жансақтау бөліміне ауыр жарақатпен түскен", - деді ПБ өкілдері.

Осы дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!