Атырау - Сочи рейсі Наурызда ашылады

21 наурыздан бастап қазақстандық лоукостер Атырау-Сочи жаңа рейсін іске қосады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Атырау-Сочи және кері тікелей рейстер аптасына бір рет дүйсенбіде Airbus A320 жайлы борттарында орындалатын болады", - делінген әуекомпанияның хабарламасында.

Билет бағасы 19 999 теңгеден басталады. Әуетасымалдаушы билеттерді брондау кезінде тарифтік пакеттерге назар аударуды сұрайды.

Атырау-Сочи рейсін іске қосу жоспары 2021 жылдың қарашасында белгілі болды. Сонымен қатар, Атыраудан Санкт-Петербург, Краснодар және Ростов-на-Дону рейстері ашылатыны жарияланған.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!