Грузия наурыздан бастап туристер үшін ережелерді жеңілдетеді

Грузияда 1 наурыздан бастап вакцина алмаған шетелдік туристер ПТР-тестін қайта тапсырудан босатылды. Тиісті қаулы ел үкіметінің сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Құжатқа сәйкес, қазір вакцина алмаған адамдар елге келгеннен кейінгі үшінші күні коронавирус сынағын қайта тапсырудың қажеті жоқ. Екпе алмаған қазақстандықтар бұрынғыдай келгенге дейін 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тест нәтижелерін ұсынуы қажет. Ереже әуе, құрлық және теңіз шекараларын кесіп өтуге қолданылады. Саяхатшылар Грузияға кез келген вакциналау паспортымен кіре алады.

Қаулыда қоғамдық орындарға бару бойынша жаңа жеңілдіктер көрсетілген. Дәмханалар мен мейрамханаларда енді алты емес, он адам болып отыруға болады. Ашық ауада, қазіргі он адамның орнына 15 адам бірге отыра алады. Мекемеде қонақтар саны шектелмейді. Сонымен қатар, 4 наурыздан бастап түнгі клубтар ашылып, 15 наурыздан бастап конференциялар мен семинарлар өткізуге рұқсат етіледі.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!