Астананың көрікті жерлері жайлы не білесіз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Boztay_Akimkhan © pixabay.com/Boztay_Akimkhan

Қазақстанның заманауи астанасы қонақтарды өзінің көлемімен және әсемдігімен таң қалдырары анық: тұрғын үй кешендерін Қытайдың кешендеріне ұқсатады, сондай-ақ, Астананы әсем әрі заманауи ғимараттарына қарап Дубаймен де салыстырып жатады.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның заманауи астанасы қонақтарды өзінің көлемімен және әсемдігімен таң қалдырары анық: тұрғын үй кешендерін Қытайдың кешендеріне ұқсатады, сондай-ақ, Астананы әсем әрі заманауи ғимараттарына қарап Дубаймен де салыстырып жатады.

Дегенмен, қаланың барлық көрікті жерлерін бір-ақ күнде аралап шығуға болады, өйткені барлығы бір-біріне жақын орналасқан. Толығырақ Kaztengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисінің материалынан біле аласыз.

Астананы сәнді сәулеті мен мықты тарихы бар деп сипаттауға болады. 1997 жылы елорда мәртебесін алғаннан бері қала түбегейлі өзгерді. Бұл әсіресе дамыған және сүйікті сол жағалаудан айқын көрінеді.

Тәуелсіздік алаңы

Астанадағы Тәуелсіздік алаңы Тәуелсіздік даңғылының бойында орналасқан. Оған субұрқақтардан бөлек, халықтың бірлігі мен биік мұратын бейнелейтін "Қазақ елі" монументі сән беріп тұр. Ол биік ақ бағанадан тұрады, оның үстінде қанатын жайып, мифологиялық нышан - Самұрық алтын құсы отыр. Бағананың биік тұғырында ел тарихынан сыр шертетін төрт барельефті көруге болады.


wildticketasia.com

Ескерткіштің артына бағаналар, сондай-ақ Тәуелсіздік сарайы мен Қазақ ұлттық Өнер университеті шыны конус түрінде салынған.

Тәуелсіздік сарайы - аласа тік бұрышты ғимарат, оның торлы безендірілуі қазақтың киіз үйлерінің қабырғаларына ұқсайды.

Қазақстан Ұлттық мұражайы

Қазақстанның Ұлттық мұражайы Орталық Азиядағы ұқсас нысандардың ішіндегі ең жас және ең ірі болып саналады. Мұражай еліміздің бас алаңы - Тәуелсіздік алаңында орналасқан, "Қазақ елі" монументі, Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, "Әзірет Сұлтан" кафедралды мешіті және Ұлттық Өнер университетімен біртұтас сәулеттік ансамбльге үйлеседі.

Мұражайдағы экспозициялар 18 залда орналасқан, олар еліміздің тарихынан сыр шертеді. Сонымен, залдардың бірі Қазақстан аумағының көне тарихына арналса, басқалары көшпелілер мәдениеті мен мемлекеттің қалыптасуы туралы баяндайды.

Мұражайда еліміздің жаңа тарихын көрсететін залдар бар. Дегенмен, саяхатшыларға көбінесе алтын зал мен көшпелі мәдениетке арналған залдарда серуендеуге кеңес беріледі.

Әзірет Сұлтан мешіті

Мұражайдың қасында ұлттық нақыштармен безендірілген нағыз шығыс сарайын еске түсіретін сәнді әйгілі мешіт орналасқан. Орталық Азиядағы ең ірілерінің бірі, ортағасырлық сопылық шейх, ақын және ғұламаның есімімен аталған. Ғимаратты 1500 құрылысшы 3 жыл бойы тұрғызған. Ол 2012 жылдың шілдесінде ашылды.

Мешіт 10 мың адамдық және сегіз күмбез бен төрт мұнарадан тұрады. Ішінде Темірланның өзі әкелген ХІІ ғасырдағы Құранды көруге болады.

Фото:Wikipedia

Бейбітшілік және келісім сарайы

Алаң мен монументтің жол бойында биіктігі 62 метр шыны пирамида түрінде салынған Бейбітшілік және келісім сарайы орналасқан. Атақты британдық сәулетші Норман Фостер жобалаған "Пирамиданың" ішінде бірнеше зал бар, оның бірі - Опера театры. Сарайда сонымен қатар Мәдениет және діндердің халықаралық орталығы мен "Құланшы" заманауи өнер орталығы орналасқан.


© kazakhstan.travel

Алтын мұнаралар мен Ақорда

Есіл өзенінің арғы бетінде, Арқар немесе Арыс көпірлерінің бойында орналасқан келесі пунктке жаяу жүріп, тағы да 2,5 шақырым қоссаңыз немесе қоғамдық көлікпен бар-жоғы бір көлікпен жете аласыз. Мәңгілік ел даңғылына автобуспен - екі аялдама.

Мұнара түріндегі Министрліктер үйі Мәңгілік Ел даңғылы мен Нұржол бульварының қиылысында орналасқан. Астананың сәулеттік символдарының бірінің ішінде еліміздің түрлі министрліктері мен ұйымдардың кеңселері орналасқан. Көрші зәулім ғимараттарда Үкімет аппараты, Мәжіліс және Парламент Сенаты орналасқан.

Астананың көшелері мен үй нөмірлері көрсетілген картасы — Яндекс Карта. Мұнаралардың артында сегіз қабатты Ақорда - алтын шпильді президент резиденциясы көрінеді.


©Турар Казангапов

Нұржол бульвары

Су-жасыл бульвар деп те аталатын 1,5 метрлік аллея гүлзарлармен, көгалдармен және қайың, шыршалармен көмкерілген елорданың танымал және көркем серуендеу аймақтарының бірі болып табылады. Мұнда көңіл көтеру үшін жеңіл әрі музыкалық субұрқақтар мен Қазақстанның ежелгі дәстүрлеріне сілтеме жасайтын ерекше мүсіндер тізбегі бар.

Бұл - фотосессиялар мен достық кездесулер үшін тамаша орын. Одан бөлек, бульварда "Керуен" сауда орталығы мен көптеген дәмханалар, мейрамханалар бар.

Мұнда Қазақ темір жолының бас кеңсесі, ал күмбезі жұмыртқа тәрізді ғимаратта Ұлттық қолжазбалар мен сирек кітаптар орталығы орналасқан.


©Турар Казангапов

Бәйтерек монументі

Еліміздің ең танымал көрікті жерлерінің бірі бұл монумент елорданы 1997 жылы Алматыдан Астанаға көшуіне арнайы 2001 жылы салынған.

Үстіндегі шар мифтік Самұрық құстың алтын жұмыртқасын бейнелейді. Қасиетті өмір ағашы туралы аңыз бойынша, етегінде тұратын айдаһар оны жеуге тырысады, нәтижесінде өмірдің жалғасуын, күн мен түннің өзгеруін, Жақсылық пен Жамандықтың күресін көрсетеді.

Ішінде, Бәйтеректің төменгі деңгейінде Туристік ақпарат орталығы, ал жоғарғы жағында бақылау алаңы бар, одан қазіргі заманғы қала орталығының көрінісі ашылады.


©Тұрар Қазанғапов

EXPO Астана

2017 жылы Астанада халықаралық көрме өтті, оның тақырыбы "Болашақ энергиясы" болды. ЭКСПО-ның негізгі бөлігі биіктігі 100 метр болатын футуристік шыны шарда орналасқан. Бүгінде онда "Нұр әлем" болашақ энергиясы мұражайы орналасқан.

Мұражайдың бірінші деңгейінде Қазақстанның дамуы мен энергетика саласындағы қазақстандық ғалымдардың әзірлемелерімен таныстырады. Келесі деңгейлердің әрқайсысы судың, биомассаның, желдің, күннің, ғарыштың және кинетикалық энергияны ашады. Үстіңгі жағы болашақтағы Астананы бейнелейді, сондай-ақ жоғарыдан анық көруге мүмкіндік береді.


© qazexpocongress.kz

Астанадан бір күнге қайда баруға болады?

Вячеслав су қоймасы

Астана маңындағы жиі ұсынылатын орындардың бірі - Вячеслав су қоймасы. 1960 жылдардың аяғында Есіл өзенінде құрылған су қоймасы елордадан оңтүстік-шығысқа қарай 66 шақырым жерде орналасқан.

Адамдар мұнда табиғатта демалуға, жүзуге және балық аулауға келеді. Су қоймасының демалуға ыңғайлы тік те, еңісті де жағалаулары бар. Көптеген жерлерде көлеңкесі мол биік ағаштар бар. Көлдің айналасында бірнеше ауыл бар.

Сарыоба көлі

Үлкен Сарыоба көлі Астанадан батысқа қарай 68 шақырым жерде орналасқан. Су қоймасы тұзды, жағалау сызығы тегіс, әрі таяз. Көл таза жазықта орналасқан, сондықтан мұнда демалу үшін күн сәулесінен қорғайтын қалқа іздеген жөн.

Қорғалжын қорығы

Қорық Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесінің аймағында, елордадан оңтүстік-батысқа қарай 125 шақырым жерде орналасқан. Бұл аймақта қоқиқаздар мен ақбөкендер сияқты флора мен фаунаның саны мен алуан түрі мекендейді. Бұл табиғат байлығын гидтің көмегімен экобағыт уақытында тамашалауға болады.

"Бұйратау" ұлттық саябағы

Ақмола облысының Ерейментау және Қарағанды облысының Осакаров аудандарының аумақтарында қайың ормандары мен жартасты таулар арасындағы саябақ табиғат қорғауында. Сіз гидтің көмегімен немесе өз бетіңізше әртүрлі пейзаж бен жануарларды тамашалай аласыз.

Мұнда маралдар мен бизондар, ал табиғат аясында арқарлар мен тиіндер тіршілік етеді.


Сурет "Бұйратау" ұлттық парк әкімшілігінен

Бурабай көлі

Бұл әсем су қойма Астанадан солтүстікке қарай 250 шақырым жерде Бурабай ауылының маңында орналасқан. Қылқан жапырақты ағаштар мен биік таулармен қоршалған көл Бурабай ұлттық табиғи саябағының аумағында орналасқан.

Мұнда жүзу мен балық аулаудан басқа жаяу серуендеуге және велосипед тебуге болады. Бөлектау шыңына шығуға күшіңіз жетсе, көл биіктен қарағанда әдемі көрінеді. Бурабайдың маңында Кіші және Үлкен Шабақты мен Шортанды көлдері де қызықтырмай қоймайды.


© Shutterstock

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная