Демалыс күндері қайда демалуға болады? Астанадағы біркүндік турлар жайлы не білесіз?

Кейде шаршағаныңызды басу үшін қала сыртына бір-екі күнге шығып келу де жеткілікті. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Астанадан баруға болатын бір және екікүндік турлар жайлы баяндайды.

Астанаға жақын жерде кез келген адам шынайы демала алатын көптеген көрікті жерлерді кездестіруге болады: Бурабай, Баянауыл, Зеренді. Жергілікті туристік агенттіктер осы жерлерге біркүндік және екікүндік турлар ұйымдастырады.

Мұндай турлардың ең жақсы жері - ұйымдастыру, бағытты жоспарлау, тамақтану, түнеу немесе ойын-сауықты жоспарлаудың қажеті жоқ. Ал, ең қызығы - сіз жаңа адамдармен саяхатқа шығасыз, жаңа достар табуыңыз да ғажап емес.

Астанадан Бурабайға турлар

Астанадан Бурабайға бір күндік тур бар. Таңертеңгі сағат 9-да топпен Астанадан шығып, сағат 12.00-де келесіз. Сол жерде түскі аспен ішіп, сосын көрікті жерлерге апарып, Абылайханның жайлауын, Көк шығанақты, Бөлектауды тамашалатады.

Содан кейін бүкіл топ Бурабайлендке барады, мұнда барлығы сырғанақ, коньки теуіп, бұғылар жегілген шанаға отырады. Кешкі алтыда топ қалаға аттанады.

Ең ыңғайлысы - топта фотографтың болуы. Сіз ұмытылмас көңіл-күй мен жақсы демалысты ғана емес, сонымен қатар бірнеше әдемі фотосуреттерді де аласыз.

Мұндай турдың құны ересек адамға 13 000 теңге, 5 пен 12 жас аралығындағы балалар үшін 10 500 теңге. Бағаға трансфер, тамақтану, экскурсия, гид және фотограф қызметі кіреді.

Бурабайға екі күндік тур демалуға және қала шуынан тынығуға мүмкіндік береді. Бірінші күні топ сауна мен бассейні бар қонақүйге орналастырылады. Туристерді жайғастырып, сәл демалғаннан кейін Абылай хан алаңына апарып, ұлттық киім киіп, қыран бүркітпен фотосессия ұсынылады.

Содан кейін - Бөлектеуға шығу, кафеде кешкі ас және кешкі барбекю (қосымша ақыға) ұйымдастырылады. Келесі күні топ Бурабайлендте көңіл көтереді.

Мұндай турдың құны ересек адамға 55 000 теңгені құрайды. Бағаға трансфер, Бурабайдағы автобус, түнеу, тамақтану, гид және фотограф қызметтері кіреді. 6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Қарт адамдарға да жеңілдіктер қарастырылған.

Үш күндік тур да бар - бір адамға 75 000 теңге, 5 пен 12 жас аралығындағы балаларға - 58 000 теңге. Бағаға Бурабай бойымен қыдыру, түнеу, тамақтану, гид пен фотограф қызметтері кіреді.


@Shutterstock

Одан қымбат немесе арзан бағаға басқа да ұсыныстар бар. Жалпы, барлық ұйымдастырушылардың шарттары бірдей: сізді әкеліп, орналастырады, тамақтандырады, көңіл көтереді, алып қайтады. Бұл деген тамаша демалыс емес пе?

Мысалы, 30 000 теңгеге екікүндік тур, оның ішінде жекеменшік жағдайы бар бөлмелерде тұру, гидтің бағдарламасы, трансфер, күніне төрт мезгіл тамақтану, сауна, бірнеше спорт залдары және экологиялық жиындар кіреді. Астаналықтар арасында мұндай турларға сұраныс жоғары болғандықтан, алдын ала орын брондау маңызды.

Астанадан Баянауылға турлар

Баянауыл ұлттық саябағы - қазақ даласының қақ ортасындағы қарағайлы, тасты, көлді, әсем өлке. Көл жағалауында және Баянауыл ормандарының ортасында туристерге барлық жағдайларды ұсынатын демалыс орындарының саны көп. Баянауылға бір күндік тур Астанадан, сонымен қатар Павлодар мен Қарағандыдан ұйымдастырылады.

Астанадан турдың бағасы 16 990 теңгені құрайды. Бағаға трансфер, түскі ас, самаурыннан шай, басты көрікті жерлерге саяхат және кәсіби фотосессия кіреді.

Баянауылда шаңғы тебуге болады. Мырзашоқы шаңғы базасына екі күндік тур 30 000 теңгені құрайды. Бағаға жайлы демалыс үйінде екі және үш адамға арналған жайлы нөмірлерде тұру, тамақтану, сауна, трансфер, фотограф пен кәсіби гид қызметтері, экологиялық төлемдер кіреді.

Астанадан Зерендіге турлар

Зеренді мың көлдің өлкесі деп аталады. Бұл аймақ Көкшетаудан 50 шақырым, Астанадан 300 шақырымдай жерде орналасқан. Бұл жерге бір күндік турда трансфер, түскі ас, Смольная Сопкаға бару, шаңғы және тюбинг тебу, самауырдан шай ішу және Зеренді көліне бару ұсынылады.

Құны - 14 000 теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға - 13 000 теңге.

Екі күндік тур - 36 000 теңге, 12 жасқа дейінгі балаларға - 34 000 теңге. Бағаға қонақүйде тұру, тамақтану, Смольная Сопкаға, Көбелек мұражайына бару, шаңғы және тюбинг тебу, Зеренді көлі, "Гриб Гигант" тасы мен бұлаққа бару, самауырдан шай мен барбекю, сондай-ақ есте қаларлық фотосессия кіреді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.