Астанада Нельсон Мандела күні атап өтілді

Халықаралық күн жыл сайын 18 шілдеде Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті және апартеид режиміне қарсы белсенді Нельсон Манделаның мұрасына құрмет көрсету үшін атап өтіледі. Биыл елордада атаулы күнге орай, Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы елшілігі волотерлікпен айналысып жүрген дәрігер-педиатр Латиф Парпиевке құрмет көрсетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Салтанатты жиында Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстан, Түрікменстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы елшісі Сейпело Тандека Мэтьюз ел үкіметінің және Оңтүстік Африка халқының атынан елшілікте Нельсон Мандела халықаралық күнімен құттықтап, көрнекті тұлғаның ерен еңбегін атап өтті.

Нельсон Мандела күнін тойлау Манделаның құндылықтары мен принциптерін қолдауға бағытталған әртүрлі іс-шарадан тұрады. Бұл мейірімділік әрекеттеріне жергілікті қайырымдылық ұйымдарында, мектептерде немесе қоғамдық орталықтарда еріктілік, лайықты мақсаттарға қаражат жинауды ұйымдастыру, мұқтаж адамдарға тамақ немесе киім беру немесе білім беруді, теңдік пен адам құқығын ілгерілетуге бағытталған бастамаларға қатысу болуы мүмкін.

Сондай азаматтардың бірі – 35 жастағы балалар реабилитологы Латиф Парпиев. Ол Нельсон Манделаның мұрасын бейнелейтін тұлғаның бірі. Дәрігер Парпиев балаларға сауықтыруға көмектеседі және олардың денсаулығын жақсартады. Парпиевтің рөлі тәжірибеші дәрігердің рөлінен асып түседі.

Ол көбінесе психолог рөлін ойнайды, қолдау көрсетеді және ата-аналарға кеңес береді. Латиф дәрігер болумен қатар, Қазақстанның үздік еріктісі ретінде үш рет марапатталды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!