Қазақстанда кімге қосымша демалыс беріледі

Ақылы демалыс контекстіндегі "қосымша демалыс" деген тіркес шындыққа жанаспайтындай болып көрінуі мүмкін, бірақ кейбір қазақстандық үшін бұл қолжетімді. Оны кім талап ете алатыны туралы адвокат Надежда Гельдт айтты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Еңбек кодексіне сәйкес, жұмысшылар 24 күнтізбелік күнге созылатын негізгі демалыстан бөлек, кей жағдайда, қосымша ақылы демалыс алуға құқылы", - дейді "Право знать" Telegram-арнасының авторы.

Мұндай демалыс мына тұлғаларға:

  • ауыр жұмыстармен, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге;
  • бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
  • ұзақ мерзімді үздіксіз жұмыс істеген, маңызды, күрделі, шұғыл жұмыстарды, сондай-ақ көтермелеу ретінде өзге сипаттағы жұмыстарды орындаған қызметкерлерге беріледі.

Заңгер адамдардың алғашқы екі санаты үшін қосымша демалыстың ұзақтығы кемінде 6 күнтізбелік күнді құрауы тиіс екенін атап өтті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!