Астана мен Челябі арасында тікелей әуе қатынасы ашылады

Астана мен Челябі арасында тікелей әуе қатынасы ашылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықаралық қатынасты одан әрі жаңарту және ашу жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Ресей Федерациясының авиациялық билік орындарымен бірлесіп Астана - Челябі бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді ашу мәселесін пысықтады.

"Qazaq Air" қазақстандық авиакомпаниясы ағымдағы жылдың 13 ақпанынан бастап De - Havilland Dash 8-Q400 әуекемелерінде аптасына 3 рейс жиілігімен Астана - Челябі бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстердің ұлғаюы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өткен жөн. Билеттерді авиакомпанияның ресми сайтында алуға болады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!