Астана әуежайында қызметкер жұмыс орнында қайтыс болды

БАҚ-та әуежай қызметкері жұмыс орнында қайтыс болды деген ақпарат пайда болды. Tengritravel.kz тілшісі осы жағдайға байланысты Астана халықаралық әуежайының ресми өкілі Тойгүл Жұбанысовамен хабарласып, мән-жайды білді.

Желіде елорда әуежайында перрондық қызметтің жүргізушісі жұмыс үстінде қайтыс болғаны туралы мәлімет пайда болды. Ресми өкіл осыған қатысты пікір білдірді.

"2 қарашада перронға медициналық қызмет өкілдері шақырылды, онда әуежайдың жүк тасымалдайтын көліктің кабинасында жүргізуші есінен танып қалған. Дәрігерлер жансақтау шараларынан кейін жүргізушінің қайтыс болғанын тіркеді", - дейді Тойгүл Жұбанысова.

Қаладан келген ҚР ІІМ жедел-тергеу тобы өлімнің неден болғанын анықтауға кіріскен.

"Солармен бірге әуежайдың медициналық пінктінің жедел жәрдем каретасымен мәйіт Астана қаласының сот медициналық сараптамасына жіберілді. Жүргізуші 2023 жылы қазанда медициналық тексеруден өткен. Таңда міндетті ауысымаралық медициналық тексеруден өткен, денсаулығына шағым білдірмеген. Халықаралық әуежайдың әкімшілігі қайтыс болған қызметкеріміздің отбасына және жақындарына көңіл айтады", - дейді Тойгүл Жұбанысова.

Сондай-ақ ресми өкіл қайтыс болған кісінің отбасына қажетті әлеуметтік көмек көрсетілетінін жеткізді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!