2023 жылдың қараша айында қай елдерге баруға болады?

Қараша айы - саяхаттың ең қолайлы, тамаша уақыты, әсіресе қызықты демалысты аңсайтындар үшін таптырмас кез. Осы айда қалауыңызға қарай жылы маусымның да, қысқы маусымның да бағыттарын алуға болады. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі қараша айында қай елдерге барып демалған қызықты, әрі тиімді болатыны жайлы баяндайды.

Қараша айында көптеген елдердерде қызықты, әрі ерекше мерекелер тойланады, адамдар мәре-сәре болып, үйлер безендіріледі, ерекше атмосфера орнайды. Біз осы айда көруге болатын қызықты мерекелер тізімін жинадық!

Дивали - Үндістандағы жарық пен шамдар фестивалі

Бұл - үнділердің ең маңызды мерекелерінің бірі. Мереке кезінде адамдар үйлерін шамдармен және шырақтармен безендіреді және қалада ерекше атмосфера орнайды. Дивалиді тойлау үшін Дели, Джайпур және Варанаси сияқты қалаларға бару қажет.

Фото: pexels.com

Алғыс айту күні, АҚШ

Қарашаның соңғы бейсенбісінде Америка ұлттық мерекесі Алғыс айту күнін атап өтеді. Бұл күні отбасылар жиналып, егіннің аяқталғанын, тоқшылық үшін алғыс білідіріп, осы күнді тойлайды және күркетауық пен асқабақ бәлішін пісіріп, мерекелік кешкі ас ішеді.

@oce_in_nyc Thanksgiving Macy’s Parade 🦃🇺🇸 #macys #thanksgiving #parade #nyc #fyp ♬ It's The Most Wonderful Time Of The Year - Andy Williams

Мексикадағы Өлілер күні

Día de los Muertos Мексикада 1 және 2 қарашада тойланады. Бұл қайтыс болған туыстары мен достарын еске алуға арналған мереке. Бұл күндері жергілікті тұрғындар түрлі-түсті шерулер ұйымдастырып, үстелдерге марқұмның фотосуреттері мен заттарын қойып, дәстүрлі тағамдар дайындайды.

@gaeldrios Ya huele a muertos 🎃 #diademuertos #halloween #Oaxaca #oaxacalotienetodo #filmmaking ♬ Le Monde - Richard Carter

Таиландтағы жарық пен шамдар фестивалі

Лой Кратон 28 қарашада өтеді. Бұл күні адамдар аспанға шамдарды жіберіп, суды шамдармен жарықтандырады, ал қалада әдемі, әрі жұмбақ атмосфера орнайды. Лой Кратонды тойлайтын ең танымал орын - Чианг Май.

Фото: thaiholidayguide.com

Визалық қиындықтарсыз ыңғайлы демалысты іздейтін саяхатшылар үшін біз мынадай бірнеше елдерді ұсынамыз.

Түркия

Алматы, Астана, Түркістан және басқа қалалардан Ыстамбұл мен Анталияға тікелей рейстер бар. Бұл ел жергілікті мәдениеті мен дәмі тіл үйірер тағамдарымен баурап алады. Мұнда туристер таңғажайып тарихи ескерткіштер мен Жерорта теңізінің керемет көріністерін тамашалай алады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LIFE in ISTANBUL 🇹🇷 (@postcards_from_istanbul)

БАӘ

БАӘ - сән-салтанат пен заманауи сәнді ел. Дубай мен Абу-Дабиге бару үшін Алматы мен Астанадан тікелей рейспен ұшуға болады. Виза қажет емес. Саяхатшылар ғажайып зәулім ғимараттарды тамашалап, ең жақсы қонақүйлерде демалады, жоғары дәрежелі мейрамханаларда тамақтанып, Араб шығанағының жағажайларында демалады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dubai (@dubai)

Қытай

Қытай - бай мәдениеті мен таңғажайып ландшафты бар кең байтақ, алуан түрлі ел. Бейжің мен Шанхай заманауи қала тәжірибесін ұсынады, ал Ұлы Қытай қорғаны, Гималай таулары және Шэньчжэньдегі мәдени ескерткіштер саяхатшыларды таң қалдырмай қоймайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Tranos马丁 tv (@tranos_masunda)

Грузия

Грузия өзінің табиғи сұлулығымен, шарап қорымен және жергілікті халықтың қонақжайлығымен тартады. Грузияның астанасы Тбилиси тар көшелерімен, сәулеті және мәдени ескерткіштерімен әйгілі. Мұнда сіз дәмді тағамдар мен түрлі шараптардан ләззат ала аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Awesome Travel & Nature (@earthfever)

Қараша айындағы демалыс үшін тамаша орынды іздеуде қазақстандықтар қызықты, әрі естен кетпес әсер қалдыратын бағыттарға назар аударуы керек. Қараша – көптеген елдер әртүрлі мәдени іс-шаралар мен мерекелерді тойлайтын ай, олардың атмосферасын сезініп, көру тамаша көңіл-күй сыйлайды.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.