"Алтынемел" ұлттық паркінде сілеусін видеоға түсірілді

"Алтынемел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусінінің күшіктерімен ұлттық парк шатқалдарының бірінде фототұзаққа түсті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Ұлттық парктің Facebook желісіндегі парақшасында.

Видеода енесінің артынан біржасар 3 сілеусіннің еріп жүргені байқалады.

Видеоны Алексей Грачев түсірген. 20 секундқа созылады.

"Бұл сирек кездесетін жағдай, өйткені сілеусін әдетте 2 күшік күшіктейді. Сілеусін 3 немесе одан көп күшіктеуі, бұл ұлттық паркте сілеусін үшін қолайлы өмір сүру жағдайлары қалыптасқанын көрсетеді. Ол – сібір тау ешкісі, қабанмен кейде кекіліктермен де қоректенеді", - деп хабарлады ұлттық парк баспасөз қызметі.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!